Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
2079 0 пікір 24 Тамыз, 2020 сағат 10:02

Мұхтар Аюбаев қызметінен босатылды

Мұхтар Аюбаев Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда сайты мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының өкімімен Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.

Мұхтар Ақатұлы Аюбаев 1959 жылы 22 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетінің заң факультетін (2005) заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1991 жылдан  Талдықорған облыстық ҰҚКБ жедел өкілі, аға жедел өкілі, хатшылық-басқармасының бастығы.

1995 жылдың қаңтар айынан ҚР Президентінің жеке күзеті келулерді қамтамасыз ету бөлімінің бөлімше бастығы, жеке күзет бөлімі бастығының орынбасары, ҚР Президентінің Күзет қызметі бірінші департаменті бастығының орынбасары.

2002 жылдан ҚР Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары - ҚР Президенті Қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаментінің бастығы.

2004 жылдың ҚР Республикалық гвардиясы қолбасшысының бірінші орынбасары. 2006 жылдың қаңтар айынан ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары ҚР Президентінің Қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаментінің бастығы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2166
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2569
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2444
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1670