Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
3630 0 пікір 21 Тамыз, 2020 сағат 12:24

Қорғаныс министрлігінің генералына қатысты сот қызу жүріп жатыр

Пара алды деп ұсталған Қорғаныс министрлігінің білдей генералына қатысты сот процесі қызу жүріп жатыр. Бұл туралы 31 арна хабарлады. 

Кезекті сот отырысы бұрынғыдай зал толы қатысушымен емес, онлайн режимде. Жалпы төтенше жағдай енгізілгелі бері қаншама адамның тағдыры қашықтан қаралып, шешіліп жатқаны белгілі. Біреулер сот отырысына балық аулап жүріп қатысса, генерал Көпбаевтың қорғаушылары айыптаулардың жала екенін дәлелдей алмай әлек.

Адвокаттар аты шулы іс қажет болғандықтан ғана генерал қамауға алынуы мүмкін деген пікірде. Әйтпесе, арызданған бір ғана куәгердің сөзі айыптауға негіз болып отыр екен. Ол арызданушы туысын жұмысқа орналастыру үшін Көпбаевқа пара бергенін айтыпты. Алайда, куәгерлердің бәрі дерлік бұл сөздерді жоққа шығарған. Тіпті, арызданушының жұмысқа орналастырамын деген туысы да ондай көмек сұрамағанын және мүлдем басқа салада еңбек етіп жатқанын жайып салды. Генералдың қорғаушылары бұл істің өз пайдаларына шешілетініне үміттенеді. Тек, айыптаушы куәгермен бетпе-бет отырып, сұрақ қоюға мүмкіндік болса ғой деп қынжылып отыр.

ҚАНАТ СӘРСЕМБАЕВ, Қ.Көпбаевтың қорғаушысы:

Өкінішке орай онлайн режимде өтіп жатыр. Адамның өзі тікелей қатыспаған соң, эмоциналдық, психологиялық тұрғыдан көп нәрсе ескерілмей қалады. Мысалы, осы істегі басты куәгер сот залында болса, онда ол өзі жала жапқан адамның алдында отырғанын көріп, ыңғайсыз жағдайға түсер ме еді. Ал, қазір ол мүлдем басқа қалада болуы мүмкін.

;feature=youtu.be&fbclid=IwAR1NApE6jCk-n2NNPJ0PirIURwVvkOOGHf5CrAiVLTpn5VpAwea9WbldRP0

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2165
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2567
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2438
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1668