Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
2370 1 пікір 20 Тамыз, 2020 сағат 11:20

АҚШ: Демократиялық партия Байденді ресми түрде президенттіктен үміткер ретінде бекітті

Сейсенбі күні АҚШ-та демократиялық партия бұрынғы вице-президент Джо Байденді ресми түрде президент сайлауына кандидат ретінде бекітті.

17 тамызда басталған демократтар съезінде осындай шешім қабылданды. Съезд коронавирус індетіне байланысты енгізілген шектеулердің кесірінен онлайн түрінде өтті.

Байденді үміткер ретінде бекітудің ресми сипаты ғана бар, бірнеше ай бұрын бастапқы сайлауларда жеңген Байденнің кандидат атанатынына ешкімнің күмәні қалмаған еді. Ол делегаттарға алғыс айтып "[үміткер атану] мен және отбасым үшін өте үлкен мәнге ие" деді.

Демократтар съезінде бұрынғы президент Билл Клинтон сөйледі. Ол президент Дональд Трамп әкімшілігінің індетпен күрес стратегиясын сынап, президент кабинетінің жүйесіз әрекет етіп отырғанын айтты. Съезде бұрынғы мемлекеттік хатшы Колин Пауэлл да сөйледі. Ол Байденді қолдаған республикашылдар қатарын толықтырды.

Демократтар съезі өтіп жатқан шақта көші-қон мәселелері бойынша Аризона штатына барған президент Дональд Трамп Байден билікке келсе "әлемде бұрын-соңды болмаған заңсыз иммигранттар толқыны пайда болады" деді.

АҚШ-та президент сайлауы 2020 жылы қараша айында өтеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2072
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2499
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2109
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1609