Жексенбі, 5 Мамыр 2024
2208 0 пікір 20 Тамыз, 2020 сағат 10:58

Миллиардер Усманов бөлген ақша жедел жәрдем қызметкерлеріне толық жетпеген

"Жедел жәрдем" қызметкерлері ресейлік олигарх Алишер Усманов бөлген қаражат өздеріне толық жетпегенін айтып, шағымданды.

Өткен айдың соңында олиграх Алишер Усманов Өзбекстандағы жедел қызметкерлеріне деп 100 млрд сум (10 млн доллар) қаржы бөлген.

Үкімет шешіміне сәйкес, дәрігерлерге 5 млн сум (500 доллар), медициналық қызметкерлерге 4 млн сум (400 доллар), ал жүргізушілерге 3 млн сум (300 доллар) көлемінде үстемақы төленуі тиіс болған.

Азаттықтың өзбек қызметіне (Озодлик) Өзбекстанның әр аймағынан қайрылған жедел жәрдем қызметкерлері үстемақы ретінде алуы тиіс 150 мыңнан 2 млн сум көлеміндегі қаражатты алмағанын айтады.

"COVID-19 вирусымен күресіп жатқан медициналық қызметкерлерге сыйақы толық төленбеді. Басшылық тек әрқайсымызға 200 доллар шамасында ақша бөлді. Кейбірі 100 доллардан ғана алды", – дейді жедел жәрдем қызметкерлері.

Дәл осындай арызбен Бұхара облысы Қаракөл ауданы, Наманган облысы Чуст ауданы, Қашқадария және Ферғана облысы мен Навои қаласының жәдел жәрдем қызметкерлері де қайрылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің шенеунігі болса қаржының таза бөлінгенін айтады. "Бұған қатысты барлық ақпарат министрліктің Telegram-каналында бар", - деді мекеме өкілі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1334
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1186
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 929
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1041