Жексенбі, 5 Мамыр 2024
3126 1 пікір 20 Тамыз, 2020 сағат 10:54

Беларусь оппозициясы жалпыхалықтық марш өткізуге дайындалып жатыр

Беларусьте 23 тамызда жалпыхалықтық наразылық акциясы өтпекші.

Алдағы жексенбіде оппозиция президент сайлауының ресми нәтижесімен келіспейтіндерді "Жаңа Беларусь маршына" шақырып жатыр. Nexta.Live Telegram-каналында жарияланған ақпаратқа сәйкес, акция Минскіден бөлек өзге қалаларда да өтпек. Президенттіктен үміткер болған Светлана Тихановскаяның бастамасымен құрылған Оппозицияның үйлестіру кеңесі маңызды бағдарламасын жарияламақ.

16 тамызда өткен жалпыхалықтың қарсылық акциясында үш басты талап қойылды: саяси тұтқындарды тез арада босату, Александр Лукашенконың отставкасын талап ету және наразылыққа шыққан адамдарды ұрып-соққан күш құрылым өкілдерін сот алдында жауапқа тарту.

19 тамызда жұмысын бастаған Оппозицияның үйлестіру кеңесі билік өкілдерін келіссөзге келуге шақырды. "Елдегі саяси және экономикалық дағдарыстың тереңдеуіне жауапкершілікті қазіргі билік алады" делінген резолюция мәтінінде.

Олар елде конституция құрылымын өзгертуді мақсат етіп отырмағанын мәлімдеді.

Тамыз айының басында Беларусьте болған президент сайлауының ресми нәтижесі бойынша, қазіргі президент Александр Лукашенко 80 процент дауыс алып, жеңіске жеткен. Оппозиция сайлау нәтижесі бұрмаланғанын мәлімдеп, қайта сайлау өткізуді талап етті. Белсенділердің есебі бойынша, сайлауда Светлана Тихановская басым дауысқа ие болған.

9 тамыздың кешінде басталған наразылық акциясына қатысушыларды құқық қорғау органдары қызметкерлері күшпен тарқатты. Жүздеген адам жараланып, мыңдаған адам ұсталды.

19 тамызда Александр Лукашенко мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне акцияны ұйымдастырушыларды табуға тапсырма берді. "Минскіде бұдан былай ешқандай тәртіпсіздік болмауы тиіс. Халық бейбітшілік пен тыныштықты талап етеді", - деді ол Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1377
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1207
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 954
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1048