Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2270 0 пікір 7 Желтоқсан, 2011 сағат 08:13

Қазақстанда 2012 жылдың ортасынан бастап үй кітапшалырын мекенжайлық анықтамалармен алмастырады

Астана. 7 желтоқсан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстанда үй кітапшалары мекенжайлық анықтамалармен 2012 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап алмастырылады, деп ҚР БАМ ХҚО мемлекеттік қызметкерлерді автоматтандыру және үйлестіру комитетінің төрағасы Бақыт Әбішев мәлім етті.

«2012 жылдың екінші жартысынан бастап үй кітапшаларын заң жүзінде алып тастап, оларды мекенжайлық анықтамалармен алмастыру қарастырылады», - деді Б. Әбішев сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

«Мекенжайлық анықтамаларды беру үшін жеке тұлғалардың орталық базасы белсенді жұмыс істеп тұруы шарт. Қазір біз азаматтардан олардың өздері келіп, мекенжайларын тексеріп алуларын сұрап отырмыз. 15 қаңтарда мәжіліске сайлау өтеді. Сонда әрбір адамның сайлау тізімінде болғаны абзал», - деді комитет төрағасы.

Оның айтуынша, азаматтар егер олардың мәліметтер базасында алшақтық бар болса, ХҚО-ға үй кітапшалырмен және жеке куәліктерімен барып, түзеткендері абзал. «Егер онда барлығы тура болса, ешқандай түзетулер қажет емес. Егер алшақтық болса, біз түзетеміз», - деді Б. Әбішев.

Оның айтуынша, базадағы жазылардың дұрыстығын электрондық үкімет порталы арқылы білуге болады. Ол «Азаматтар» бөлімінде мекенжайлық мәліметтерге қатысты қызмет түрлерін таңдап, онда «Жеке тұлғалардың мекенжайлық мәліметтерін тексеру» пунктін көрсету керек деп түсіндірді. Одан кейін ЖИН мен құжат номерін көрсетулеріңіз керек. Алынған мәліметтерді үй кітапшаларындағы мәліметтермен салыстыру қажет. Егер мәліметтерде алшақтық болса, ХҚО-ға баруларыңыз керек.

«Біз үй кітапшаларын алып тастағанда әр азамат база мәліметтерінде дұрыс жазылғанына 100%сенімді болғымыз келеді. Егер ол жоқ болып, немесе дұрыс жазылмаған болса, бізде проблемалар туындайды», - деп жалғастырды ол.

«Қазір түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындарда біз кадр қызметкерлері арқылы жұмыс атқарып жатырмыз. Айтарлықтай дүрлігу бола қоймас деп ойлаймын. Сондай-ақ жылжымалы топ құрылып, олар мекемелер мен оқу орындарын аралап жүр», - деді Б. Әбішев.

БАМ мәліметтерінше, мекенжайлық анықтама күші 10 күнге жарайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2184
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2494
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1679