Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2972 0 пікір 6 Желтоқсан, 2011 сағат 05:42

Қалмағанбет Мұхаметқали, Офицер туралы ода

1.

Алматы. Желтоқсанның он жетісі,

Адамның айуанмен тең бе еді ісі?..

...Шинелін жүре кие берген еді,

Шым етіп шаншып өтті кеуде тұсы.

 

Ат жалы, аласапыран шақта мына,

Аянып, жан сақтаудан жоқ мағына.

Асыққан аға офицер қарамады,

Алқынып жүрегінің соққанына.

 

«Жеткізді жаңа ғана Жаңа алаңнан,

Жүз шақты жауынгерді жараланған...»

Қалайша асықпасын, сондай суыт,

Қалалық госпитальдан хабар алған.

 

Жастардың жарағы сай жігіттерді,

Жусатып салғанына күдікті еді.

Санасын осы сауал осып өтіп,

Солдаттар жатқан жерге кіріп келді.

 

Көрсетер тағы қандай масқараң бар,

Көңілі жасамапты босқа долбар.

«Өлімші болып таяқ жедім...» деп тұр,

Өкшесін етік қажап тастағандар.

 

Пәниде әрі аяулы, әрі қатты,

Пенденің барлығының жаны тәтті...

Басына дәке ораса бірлі - жарым.

Біреуі, тіпті қолын таңып апты.

 

Мүләйім түр көрсетіп ауырсынған,

Міңгірлеп дейді әрең: «Қолым сынған...»

- Доғар! - деп айқай салды бас дәрігерге,

Дауыспен ашулы әрі жанұшырған.

 

Бас дәрігер орыс еді, көзі тұздай,

Болмысы ұяңтұғын, өзі қыздай...

«Офицер, бұл бұйрығы орталықтың,

1.

Алматы. Желтоқсанның он жетісі,

Адамның айуанмен тең бе еді ісі?..

...Шинелін жүре кие берген еді,

Шым етіп шаншып өтті кеуде тұсы.

 

Ат жалы, аласапыран шақта мына,

Аянып, жан сақтаудан жоқ мағына.

Асыққан аға офицер қарамады,

Алқынып жүрегінің соққанына.

 

«Жеткізді жаңа ғана Жаңа алаңнан,

Жүз шақты жауынгерді жараланған...»

Қалайша асықпасын, сондай суыт,

Қалалық госпитальдан хабар алған.

 

Жастардың жарағы сай жігіттерді,

Жусатып салғанына күдікті еді.

Санасын осы сауал осып өтіп,

Солдаттар жатқан жерге кіріп келді.

 

Көрсетер тағы қандай масқараң бар,

Көңілі жасамапты босқа долбар.

«Өлімші болып таяқ жедім...» деп тұр,

Өкшесін етік қажап тастағандар.

 

Пәниде әрі аяулы, әрі қатты,

Пенденің барлығының жаны тәтті...

Басына дәке ораса бірлі - жарым.

Біреуі, тіпті қолын таңып апты.

 

Мүләйім түр көрсетіп ауырсынған,

Міңгірлеп дейді әрең: «Қолым сынған...»

- Доғар! - деп айқай салды бас дәрігерге,

Дауыспен ашулы әрі жанұшырған.

 

Бас дәрігер орыс еді, көзі тұздай,

Болмысы ұяңтұғын, өзі қыздай...

«Офицер, бұл бұйрығы орталықтың,

Орындау бізге міндет оны бұзбай...».

 

Белгілі бас дәрігердің дәмесі арғы,

Бұл оның сөзі емес-ті және соңғы.

- Бері кел, - деді де әлгі сынған қолға,

Бір бума кілтті жылдам бере салды.

 

Жанардан жасқанды да кінәлаулы,

Жауынгер жұдырығын жұма қалды.

Сынған қолдың саусағы бүгілмейді...

Салғыласу артық-ты бұдан арғы.

 

Амал не, ант айныса кәміл жолдан,

Адал боп Ар алдында қалу да арман...

Бас дәрігер бұл уәжге тоқтады да,

Бас тартты солдаттарды қабылдаудан!

 

Айдап салмақ ажалдың аранына,

Амалына арамның қара, мына:

Жаралылар көбейіп барады деп,

Жалған рапорт жөнелтпек жоғарыға...

 

2.

Алаңда... аты оның - Брежнев ,

Айғыз-айғыз қоғамның кірі езіліп...

Бұйрығы Кремьлдің кеп қойған-ды,

Басуға көтерілісті түре қуып.

 

Қара құйын кенеттен өтті де ойнап,

Қанқұмарлық оятты кекті қайрап.

Көгенделген қозыдай кілең өрен,

Көкпеңбек мұз үстінде жатты жайрап.

 

Көкпеңбек мұз үстінде зар, шер жатты,

Көз жасы кермек етіп бал-шәрбатты...

Қалт еткенді қалшиған қара жендет,

Қабағынан бір теуіп қан саулатты.

 

...Төбе шашы тік тұрды, жаны үздікті,

- Тоқтат дереу дәл мына жауыздықты!

«Болмайды, бұйрық солай!» - деді солдат,

Бермегендей ол бұған маңыз тіпті.

 

Көзіндегі ләззатты іркіп сәл - пәл,

Керзі етігін кекжиді сүртіп қан, қан...

«Қудалауға кейіннен болады оңай,

Қабағында бұлардың тыртық қалса...»

 

- Сен... сен солдат атынан садаға кет!

Сом саусақтар жабысты жағаға кеп...

«Отставит, офицер!»- деп гүр етіп,

Ортаға шықты бір жан әне бөлек.

 

Өктем үнді ол орыс нән оқалы,

Өзіне күллі әскерді қаратады.

«Бұйрығын СОКП-ның бұзатындай,

Бұл мықты...» деп кекетті және тағы.

 

Қатайып, қанын ішке алған тартып,

Қалмады қолда қайран қармауға түк.

- Қорқаулар емеспіз ғой, тым құрыса,

Қыздарды қорламайық қарға аунатып...

 

Мәскеулік төре сонда шені басып,

Мырс етіп масаттанды әрі тасып:

- Бәлкім үйден берерсің көрпе әкеліп,

Бара жатса соншалық жаның ашып...

 

3.

Алматы. Желтоқсанның он жетісі,

Адамның айнала ма өңге түсі?

...Шапанын шарт жүгініп шеше беріп,

Шаттықтан шалқып кетті кеуде тұсы.

 

Есіне Ермек салған әдемі ән кеп,

«Ей, Алла, еліме жар бола көр!» деп,

Жетелеп немересін келе жатыр

Желтоқсан көшесімен жоғары өрлеп.

 

Ордені бар, шені бар оқалы, алтын,

Офицер ол асырған ата даңқын.

Таяп кеп ескерткішке тыныс алды,

«Тәуелсіздік таңы» деп аталатын.

 

Тәуелсіз ел қанатын кеңге жайып,

Тағзым етті ерлікке, ерге лайық.

...Гүл шоғын үнсіз ғана қойып жатты,

Генераль - майор Мұрат Қалматаев!

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 570
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 296
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 317
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 328