Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2854 0 пікір 5 Желтоқсан, 2011 сағат 15:50

Қаржы полициясы ЖС судьяларына қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ - ҚР экономикалық қылмыспен және сыйбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі (ЭҚСЖКА) Жоғары сот (ЖС) судьялары Алмас Тәшенова мен Сәулетбек Жәкішевке қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлайды қаржы полициясының баспасөз қызметі.

«Агенттік ҚР Жоғарғы сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы алқаның төрайымы А. Тәшеноваға және Жоғарғы соттың бұрынғы судьясы С. Жәкішевке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады», - делінген ведомствоның дүйсенбі күні таратқан ақпаратында.

ЭҚСЖКА ақпаратына сәйкес, судьяларға «Әлел» ҚИК» АҚ-ының пайдасын пара алу, қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану және оған қатысты заңға қайшы үкім шығару бойынша айып тағылды.

«Үстіміздегі жылдың 11 қарашасында ҚР бас прокуроры Тәшенова мен Жәкішевке тағылған айыптармен келісіп, оларды сотқа берді», - делінген ақпаратта.

Қаржы полициясының мәліметінше, қылмыстық іс Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне берілді.

Мұның алдында хабарланғандай, 17 сәуірде А. Тәшенова мен С. Жәкішев сот санкциясымен қамауға алынды. Оларға «Әлел» ҚИК» АҚ-ының пайдасына қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану және мемлекетке Т495 млн шығын келтірді деген айып тағылды. Кейін, 22 маусымда оларға қатысты $70 мың көлемінде пара алды деген айып тағылды.

0 пікір