Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3830 0 пікір 5 Желтоқсан, 2011 сағат 15:49

«Құжаттардағы «Шаңырақ» шындығы» атты кітап басып шығарылады

Алматы. 5 желтоқсан. ҚазТАГ - Жұлдыз Әбділда. «Шаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Асылбек Қожахметов «Шаңырақ» шындығын құжат жүзінде көрсететін кітап шығарамыз деп мәлім етті. Кітаптың аты әзірше «Құжаттардағы «Шаңырақ» шындығы» деп аталмақшы.

Өздеріңіз білетіндей, 2006 жылы 14 шілде күні Алматының іргесіндегі «Шаңырақ» ықшамауданында полиция мен қарапайым халықтың арасында қақтығыс болды. «Шаңырақтағы» заңсыз салынған үйлерді бұзу үшін сот орындаушылары полицияның көмегіне жүгінді. Бұл іске екі мыңға жуық полиция қызметкері, Ішкі істер департаментінің арнайы жасағы жұмылдырылды. Осы оқиғаның кезінде Бостандық аудандық ішкі істер департаментінің қызметкері, тергеуші Әсет Бейсеновтің үстіне белгісіз біреулер жанармай құйып, от қойып жіберді. Үшінші, төртінші дәрежелі күйік алған Әсет Бейсенов екі аптадай ауруханада жатып, көз жұмды.

Оқиға болған күннен бастап бас-аяғы бір айға жуық уақыттың ішінде жүзден астам адам қамалып, сұраққа алынды. Солардың ішінде 25-інің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сот процесі 8 айға созылды. Барлығы 66 сот отырысы өтіп, жалпы саны 137 адам сұралды.

Ақырында 25-тің біреуі ақталып шығып, қалған 24-і әртүрлі дәрежедегі қылмыстық жазаға тартылды. Соның ішінде төртеуі әлі де түрмеде жазаларын өтеп жатыр. Олар: 1953 жылы туған Арон Едігеев, 1979 жылы туылған Ерғанат Тараншиев, 1976 жылы дүниеге келген Құрманғазы Өтегенов және 1983 жылы туылған Рүстем Тұяқов.

«Шаңырақтағы» қақтығыстан бері бес жылдан астам уақыт өтсе де, әлі күнге дейін оған дәл баға берілген жоқ. «Шаңырақ» оқиғасына тарихи әділ бағасын беру болашақтың еншісіндегі шаруа болып қалып отыр. Ал болашақта баға берілуі үшін құжаттардың сақталуы маңызды. Осыны ескеріп, «Шаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Асылбек Қожахметов осы кітапты басып шығарамыз дейді.

0 пікір