Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
2508 0 пікір 27 Шілде, 2020 сағат 11:35

Еуропалық одақ Орталық Азияға COVID-19 вирусымен күресуге көмектеседі

Еуропалық одақ (ЕО) «Орталық Азия елдеріндегі COVID-19: дағдарысқа төтеп беру» (CACCR) бағдарламасын іске қосты.

Бағдарламаның жалпы бюджеті - 3 млн еуро. Бұл жөнінде Қырғызстандағы ЕО өкілдігі хабарлады.

Жоба коронавирус пандемиясымен күресте денсаулық сақтау жүйесінің қажеттіліктерін өтеуге бағытталады.

«Бұдан бөлек Қырғызстанда жаппай сынама тапсыру мүмкіндігін күшейту үшін зертханаларға қажетті жабдықтар жеткізілмек», - деп хабарлайды ЕО өкілдігі.

Бағдарлама үш кезеңнен тұрады. Алғашқ кезеңде шұғыл қажетті заттарды жеткізумен айналысса, екінші кезеңде COVID-19 вирусының екінші толқынына дайындық шараларын бастамақ. Соңғы кезеңде денсаулық саласын қолдауға арналған шаралар өткізеді.

Орталық Азия елдеріне арналған «ниеттестік көмек көрсету» бағдарламасы биыл шілде айында іске қосылған. Екі жылға арналған бағдарламаның жалпы бюджеті 124 млн еуро.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2025
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2438
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2026
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587