Жексенбі, 19 Мамыр 2024
3931 5 пікір 22 Шілде, 2020 сағат 16:39

Қайырымдылық акциясы: «Халық» қоры мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуде

Қазір жарты әлемге жайылған коронавирус пандемиясы мен осыған байлангысты енгізілген карантинжік шаралар көп жұрттың тұрмысына кері әсерін тигезгені өтірік емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз кезегінде карантиндік режим кезінде тұрақты табысынан айырылған отбасыларға қаржылай көмек көрсету үшін Үкіметке арнайы тапсырма берген болатын. Осыған сай, мемлекеттен берілетін жәрдемпұл - 42 500 теңгелік көмек тұртысы тарылған миллионнан аса азаматқа төртінші мәрте берілетіні белгілі болды.

Бұдан бөлек, «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» еріктілері де індет таралып, Төтенше жағдай жарияланған наурыз айынан бері ел қызметінде жүргені шындық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен мыңдаған әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға 50 мың теңгелік қаржылай көмек, тегін азық-түлік қораптары табысталды.

Маусым айында өткен «Біз біргеміз» телемарафонында: «Ковидпен күреске ел бюджетінен қаражат бөлінді. Тұрмысы төмен отбасыларға тегін азық-түлік таратылды. ШОБ өкілдеріне де бірқатар жеңілдіктер жасалды. Елбасының бастамасымен құрылған «Біз біргеміз» қоры да қоғамтық қаражат бөлді. Мұқтаж азаматтарға нақты көмектер көрсетіліп жатыр. Бұл жұмыстардың басы-қасында «Нұр Отан» партиясы жүр. Осының барлығы біздің бірлігімізді көрсетеді», - деген еді Мемлекет басшысы.

Президент бастаған осы Үндеуге елдегі жекелеген атымтай жомарт азаматтар мен ірілі-ұсақты  қайырымдылық қорлары да қолдау білдіруде. Солардың бірі – «Халық» қайырымдылық қоры.

Аталған қор жуырда Атырау өңіріне дәрі-дәрмек және азық-түлік өнімдерінің 1000 жиынтығын ұйымдастырып, жеткізді.

Динара Құлыбаева басшылық ететін «Халық» қайырымдылық қоры Атырау облысындағы әлеуметік аз қамтылған отбасыларға, көп балалы отбасылар мен медициналық мекемелерге қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын қолға алған екен.

Акция аясында дәрі-дәрмектер, медициналық заттар (антисептиктер мен жуғыш заттар), бірінші қажеттіліктегі азық-түлік тауарлары жинақталған 1000 қорап таратылған.  Сондай-ақ, Атырау облысындағы медициналық мекемелерге 1000 дана пульсоксиметр мен 100 дана оттегі консентраторы және коронавирус індетіне қарсы қолданылатын медициналық препараттар жеткізілген.

Мұқтаж отбасыларға табысталған әр жиынтықтың салмағы 60 келіні құрайды. Онда ұн, күріш, макарон өнімдері, өсімдік майы, қант, шай, сүт, тәттілер, антисептикалық құралдар мен бетперделер бар. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен Covid-19 індетін емдеу хаттамасына енгізілген дәрілік препараттар: азитромицин, ципрофлоксацин, амоксициллин, ривароксабан, бромгексин, спиролактон, аспирин т.б. дәрі-дәрмектер бар.

Бұдан бөлек, аталған қайырымдылық қордың атынан өңірдегі медициналық мекемелерге 30 дана өкпені жасанды желдету аппараттары жеткізіледі деп жоспарланып отыр екен.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты қолға алынған қайырымдылық шарасына жергілікті Атырау облыстық әкімдігі қолдау білдіріп, материалдық жағдайы төмен, дәрі-дәрмек пен азық-түлікке мұқтаж отбасылардың тізімін әзірлеп берген.

Айта кетейік, Президент пәрмен беріп, елде төтенше жағдай енгізілгеннен бері «Халық» қайырымдылық қоры коронавирус инфекциясымен күресуге және эпидемиологиялық жағдайды реттеуге  бағытталған бірқатар жұмыстар атқарған.

ТЖ кезінде тұрақты табысынан айырылған көп балалы 20 мыңнан астам отбасыға тегін азық-түлік жиынтықтарын, індетпен күрестік алдыңғы шебінде жүрген медициналық қызметкерлерге қаржылақ көмек, қажетті медициналық құрал-жабдықтар, өкпені жасанды жолмен тыныстату аппараттары, ПТР зертханасы және жедел жәрдем машинасы түрінде жалпы сомасы 5,5 миллиард теңгенің көмегін көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, биыл мамыр айында «Халық» қайырымдылық қоры карантиндік режим кезінде тұрмысы тарылған Қызылордалық 1000 отбасына көмек көрсеткен болатын.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2380
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661