Сенбі, 27 Сәуір 2024
Деп жатыр 12635 28 пікір 25 Шілде, 2020 сағат 15:00

Балалар омбудсмені Аружан Саин отставкіге кетсін!

Әлгінде ғана Сәтпаев қаласында болған жан түршігерлік сұмдықтан кейін белгілі заңгер, құқық қорғаушы, Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек Қазақстандағы балалар құқығы жөніндегі омбудсмен Аружан Саинның отставкасын талап етіп,  әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Заңгер өз жазбасында елдегі балалар омбудсмені Аружан Саинның желіде екі ауыз сөз жазғаннан басқа нақты қандай шаралар атқарғанын сұрапты.

Естеріңізге сала кетейік, Аружан Саин балалар құқығы жөніндегі омбудсмен қызметіне 2019 жылдың шілдесінде тағайындалған болатын.

Аружан Саин биыл 43 жасқа толады. Тележүргізуші, қоғам қайраткері. Ауыр дертке шалдыққан балаларды шетелде емдету үшін қаржы жинайтын қайырымдылық қорының директоры.

Бұған дейін балалар омбудсмені қызметін Зағипа Балиева, Сәуле Айтпаевлар атқарған.

Айгүл Орынбек "ауызашарға ауыз бекітпей, қай бетімен барғанын ...

Айгүл Орынбек, заңгер:

- Балалардың құқығын қорғай алмай отырған Аружан Саин отставкіге кетсін!

Бала құқығын қорғаушы обудсмен болу – интернетте: «Бәріне тапсырма бердім, бақылауымда», деп пост жазу емес, нақты іске көшу!

Бір апта да еліміздің әр өңірінде балалар зорланды. Аружан Саин «пост» жазғаннан ары аса алмай отыр. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау үшін нақты не жасалып жатыр?

Қәзір мәжілісте «Балалардың құқығын қорғау» бойынша заң қаралып жатыр. Құқық қорғаушылардың барлығы сарапшы ретінде қабылданатын заңдарды талқылап, ұсыныстарымызды айтып жатырмыз. Ол «чатта» Аружан Саин жоқ!

Зорланып жатқан ауылдың балалары, байдың балалары емес! Президентке кіріп: «Бәрін қатырып жатырмын», деп есеп бергеннен басқа не істелді?! Есепті бірінші халыққа берсін, халықтың тілінде!

Обудсмен болғанына екі жылдан асты. Балалар үшін не жасалды? Қай өңірде зорлық зомбылық көп? Статистика жасалып, есеп бергенін көрмедім! Екі жылдан бері қай өңірге келіп, балалармен тікелей жұмыс жасады? Зорланған балалар үшін қандай кризистік орталықтар ашты?

Халықтың тілін білмейтін, түсінбейтін адам балалардың құқығын қорғайды деп ойламаймын! Осы екі жылда зорланған балалардың құқығын қорғап жүрген, біз сияқты қоғам белсенділерінің басын қосып, ұсыныстарымызды да тыңдамады! Құқықты, сауатты елде заң бойынша балалардың құқығын қорғайтын адамнан талап етіледі!

Балалардың құқығын қорғау үшін не жасап жатырсыз Аружан?!Мен жауап бере салайын,  «ЕШТЕҢЕ»!!! Өңірлердегі зорлық-зомбылық көбеймесе, азайған жоқ! Фейсбукта отырып: «Я все держу под контролем», деп жазғанан басқа ештеңе көрмедім!

Abai.kz

28 пікір