Сенбі, 4 Мамыр 2024
46 - сөз 6534 11 пікір 22 Шілде, 2020 сағат 18:50

Білім министрлігін екіге бөлу керек

Білім және ғылым министріне қатысты әлеуметтік желіде сан алуан пікірлер қаптап жүр екен. Даттаушылардан гөрі жақтаушылар көп. Ол заңды да.

Өйткені соңғы уақытта еліміздегі бес жүз мыңнан асатын ұстаздардың мүддесін қорғайтын “ Педагог мәртебесі туралы” заң қабылдануына, Ұлттық Әліппенің қайта оралуына тікелей мұрындық болған, әлеуметтік желіде білімге қатысты өз ойларын ашық айтып жүрген, өз тілінде мүдірмей сөйлейтін, жиналыстарының басым көпшілігін мемлекеттік тілде өткізетін бірден - бір жігерлі, ұлтжанды министр осы азамат.

Ал оның жазған ғылыми жұмысына қатысты жұмысты сараптау үшін тәуелсіз сараптама комиссия құрылып , соның шешіміне байланысты министр өзі шешім қабылдай жатар.

Біз құқықтық мемлекет құрып жатқан елміз ғой. Бұрын да парламент қабырғасында айтып жүрміз, қоғамдағы ең ауыр салалардың бірі осы білім және ғылым министрлігі. Осы саланы штат санын көбейтпей, қайта қысқарта отырып екіге Ағарту және кәсіптік білім беру министрлігі және Жоғары оқу орындары мен ғылымды дамыту министрлігі етіп бөлу керек. Бұл заман талабы.

Мұрат Бақтиярұлының жазбасы

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1068
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 956
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 707
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 807