Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
3435 2 пікір 22 Шілде, 2020 сағат 14:34

ЕО Қазақстанға коронавируспен күресуге 1,6 млн. евро бөледі

Еуропалық Одақ шілде айында «Орталық Азиядағы COVID-19: дағдарысқа қарсы әрекет» жобасының аясында ОА елдеріне 3 миллион еуро (1,4 миллиард теңге) бөледі. Бұл туралы forbes.kz жазды.

Оның ішінде Қазақстанға 1,6 миллион еуро (756,2 миллион теңге) бөлінбек.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының CACCR бағдарламасы COVID-19 пандемиясының қазіргі кездегі індетін азайтуға қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, аталған бағдарлама Орталық Азия елдерінің ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

«COVID-19 пандемиясының өршуі біздің денсаулық сақтау жүйесінің қаншалықты осал екенін және қоғамдық денсаулық сақтаудың төтенше жағдайларына деген көзқарасымызды қайта қараудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Сондықтан CACCR бағдарламасы қазіргі уақытта қажет дәрі-дәрмектермен және жабдықтармен қамтамасыз етумен қатар, зертханалар мен ауруханаларға болашақта осындай пандемиямен күресуге алдын ала дайын болуға көмектеседі», - деді Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Свен-Олов Карлссон.

CACCR бағдарламасы үш сатыдан тұрады. Бірінші кезеңде - COVID-19-ға  ұлттық жоспар мен шұғыл қажеттіліктерді шешу. Екінші кезеңде -пандемияның шарықтау шегі өткен кезде, негізгі қалпына келтіру және ықтимал екінші толқынға дайындық болады. Соңғы кезеңде ұзақ мерзімді перспективада денсаулық сақтаудың орнықты, тиімді және тұрақты жүйесін құру және қолдау бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылатын болады.

CACCR -  2020 жылдың шілдесінде басталған, Орталық Азияға арналған екі жылдық аймақтық бағдарлама. Аталған бағдарлама «Team Europe» жобасының аясында ЕО-ның Орталық Азия аймағында COVID-19-ға тойтарыс беру мақсатында әзірленген. Бюджеті 124 миллион еуроны құрайтын ынтымақтастық пакеті аясында жүзеге асырылады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2166
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2569
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2444
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1670