Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
8603 19 пікір 17 Шілде, 2020 сағат 20:29

Медсақтандыру қорының экс-басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Әлеуметтік медсақтандыру қорының бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы агенттіктің Telegram-каналында мәлім болды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сатып алынатын қызметтердің құнын көтеру арқылы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-ның қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Өзге ақпараттар ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшысы Айбатыр Жұмағұловтың әйелі әлеуметтік желіде әсіре дарақылығымен әйгілі болған еді. Ол Instagram желісінде күйеуінің (Айбатыр Жұмағұловтың - ред.) оған 12-ші көлігін сыйлағанын айтып "мақтанған". Жұмағұловтың жарының сол жазғандары желіде қызу талқы болып, қоғам наразылығын тудырған.

Ал 10 шілде күні Мемлекет басшысы Үкіметке Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшылығын қызметінен босатуды қатаң тапсырған.

"Соңғы кезде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төңірегінде әңгіме көбейді. Меніңше, ол жерге тым дарақы (менее гламурного) емес, іскер азаматты отырғызу керек. Сонда әртүрлі өсек-аяң, қауесетке өзіміз себеп тауып беріп отырмыз.  Әрине, Үкімет тарапынан қордың жұмысына қатысты анализ болуы керек. Ол қор қаншалықты тиімді, қаншалықты сәтті жұмыс істеп жатыр?", - деген еді Президент.

Президенттің осы сөздерінен кейін Айбатыр Жұмағұлов қызметінен босатылған. Ал оның орнына Қордың басшысы болып Болат Төкежанов тағайындалған.

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2193
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2581
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2502
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1680