Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2968 0 пікір 24 Қараша, 2011 сағат 05:34

Мұхан Исахан. Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп-салдарлары

Қазақ елінің соңғы бір жылдан бері үсті-үстіне болған жарылыстардан ұйқысы қашып, мазасы кете бастады. Өткен жылы Ақтау абақтысынан басталған діни дүрбелең, іле-шала Ақтөбе, Астана, Атырауда жалғасын тапты. Діни содырлар өткен аптада Таразда  тағы да ат ойнатып, сақшылар мен бірнеше бейбіт адамды жер жастандырды. Одан қалса, содырлар жетпіс баланы құрбан шалады екен деген қауесет ел ішінде желдей есті. Қазір, халық енді қай жерде дүмпу болады деп үрей құшағында өмір сүруде. Кеше Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі қоғам көңілін басқан қалың тұманды сейілту үшін шұғыл жиын өткізіп, діни экстремизмнің алдын-алу мәселесін жан-жақты талқылады. Тұрымтай кеңесте Елбасы лаңкестерді түбегейлі жоюға мемлекеттің күш-жігері жететінін нық сеніммен айтты. Десе де, енді бұл дертпен ҚМДБ немесе құқық қорғау орындары ғана емес, бүкіл қоғам болып күресу керек секілді. Өйткені, діни экстремизм мемлекет тұтастығына сызат түсіріп отырған бірден-бір қауіпке айналып отыр. Ендеше, еліміздегі діни шиеленіскен ахуалдың себеп-салдарының күрмеуін ағытуға біз де өз тарапымыздан азаматтық пікір білдіруді жөн санап отырмыз.

(толығырақ www.haq.abai.kz сайтынан оқи аласыздар)

0 пікір