Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2856 0 пікір 23 Қараша, 2011 сағат 13:59

Алматыда жылу өткізбейтін құбырлар шығаратын зауыт ашылды

Алматы. 23 қараша. ҚазТАГ - Алматыда жылу өткізбейтін құбырлар шығаратын «АЗИТ» ( «ПВХ Драйбленд»ЖШС) зауыты ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Алматының қаптама құбырлар шығаратын «AЗИТ» зауыты қапталған құбырларды және пенополиуретеннен жасалған жылу жинағыш фасондық өнімдерді шығарады. Алдын ала қапталған құбырлар жер асты жылу жүйелеріне арналған (жылу мен ыстық су беру)», - делінген сәрсенбі күні таратылған баспасөз мәлімдемесінде.

Ақпаратқа сәйкес, жүріп  жатқан құрылыстары көп әрі коммуникациялары үлкен қарқынмен алмастырылып жатқан Алматы үшін мұндай құбырлардың өндірісі өте пайдалы.

«Зауыттың өндірістік қуаты тәулігіне пенополиуретенмен қапталған 675 метр өнім шығаруға мүмкіндік береді», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Зауыт 2010-2012 жылдарға арналан ҚР үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде мемлекеттің қаржылау қолдауымен салынды. Жоба Қазақстанның индустрияландыру картасына енді.

Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, Алматыда жалпы құны Т257,5 млрд болатын 28 индустриалды-инновациялық жоба қолға алынған. 2010 жылы жалпы құны Т33 млрд болатын 4 жоба, 2011 жылдың бірінші жартысында Т3,5 млрд 3 жобасы жүзеге асырылды. Қазір Алматыда жалпы құны Т167,1 млрд болатын 4 индустриалды - инновациялық жоба қолға алынып отыр. Қалған 16 жоба 2012-2014 жылдары жүзеге асырылады.

0 пікір