Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Ел іші... 5194 11 пікір 27 Маусым, 2020 сағат 15:25

Адилжан Ибрагимов «Халық алғысы» медалін алды

Eurasian Resources Group акционері Алиджан Ибрагимов «Халық алғысы» медалін алды. Бұл туралы «arasha.kz» сайты жазды.

Ал Ибрагимов акционері болып табылатын корпорацияның ресми сайтында (erg.kz) «Халық алғысы» марапатының нақты қандай қызметі үшін берілгені туралы жазылыпты.

«ERG-дің негізін қалаушылар мен акционерлерінің бірі, Директорлар кеңесінің мүшесі Алиджан Ибрагимов наурыз айының соңында ірі бизнес өкілдерінің алды болып, «Жаңа Павлодар» қоғамдық қорына қаражат бөлген. Қор аймақтағы эпидемияға қарсы шараларды қолдауға, қиындықтарға тап болған азаматтарды әлеуметтік және медициналық қолдауға, Сovd-19 инфекциясымен күреске қажетті медициналық жабдықтар мен құралдар сатып алуға қаражат жинаған. Алиджан Ибргаимовтың отбасы қорға өз қаражатынан  100 млн теңге берген болатын», - деп жазылған ресми ақпаратта.

Одан бөлек Алматы қаласының қорына да 100 млн теңге аударыпты. Астанада коронавирустың алдын алу шараларын іске асыру үшін 100 миллион теңге және аударған.

Ал экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Біз біргеміз» қорына Еуразиялық Топ атынан Адилжан Ибрагимов пен Александр Машкевич 4,5 миллиард теңге бөліпті.

Бүгінгі таңда Еуразиялық топта 60 мыңнан астам адам еңбек етеді екен.

Abai.kz

11 пікір