Жұма, 17 Мамыр 2024
4395 1 пікір 26 Маусым, 2020 сағат 12:32

Азия даму банкі Қазақстанға 1 миллиард доллар бөледі

Азия даму банкі елімізге коронавирус індетінің өршуіне байланысты туындаған экономикалық мәселелерді шешу үшін 1 миллиард доллар бөледі. Бұл туралы 24.kz мәлімдеді.

Бұл банк Қазақстанның маңызды әріптесі болып табылады. Бұл қаражат есебінен инфекция таралуын тоқтатуға бағытталған шаралар жүзеге асырылады. Мәселен, медициналық қызметкерлердің жалақысын көтеріп, оларды сақтану құрал-жабдықтарымен қамту көзделген. Сондай-ақ Азия даму банкі Қазақстанмен бірлесіп, мемлекеттік басқару, шағын бизнесті қолдау мен ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстар атқармақ.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде коронавируспен күрес шараларына мемлекет шамамен 6 трлн теңге жұмсағанын айтқан болатын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2243
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1637