Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3620 1 пікір 6 Мамыр, 2020 сағат 14:01

Тоқаев: Коронавируспен күрес шараларына 6 трлн. теңге жұмсалды

Қазақстан Президенті COVID-19 пандемиясымен күрес шаралары жөнінде ТАСС бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусманға  эксклюзивті сұхбат берді. 

Президенттің айтуынша, бұл бағыттағы шараларға мемлекет 5 жарым, тіпті шамамен 6 трлн теңге жұмсаған.

-Жалпы, біз қабылдаған шараларға мемлекет бес жарым, тіпті шамамен 6 триллион теңге шығындады – бұл 13 миллиард доллар немесе жалпы ішкі өнімнің 8 пайыздан астам көлемі. Яғни, тағы қайталап айтамын, бұл бұрын-соңды болмаған, шұғыл әрекет етуді қажет еткен шаралар.

Бұл шараларды мақсатты түрде қолға алдық, әрине, ертең сын-ескертпелер болуы мүмкін, мәселен ақшаны желге шашты дегендей. Бірақ мен, ең алдымен, бұл жағдайда біздің азаматтарымыздың өмірі мен әл-ауқаты үшін аянбай күресуіміз керек деп санаймын, – деді ол.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4298 адамға жетті. 1299 адам жазылып шығып, 29 адам қайтыс болған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3531