Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
46 - сөз 4022 4 пікір 23 Маусым, 2020 сағат 16:48

Қазақстан тағы да Қытай мен Ресейдің жолын таңдады

АҚШ-та XX ғасырда өмір сүрген Джон Дьюи және Уолтер Липпман дейтін танымал ойшылдар бар. Екеуінің журналистиканың негізгі кәсіби принцибіне қатысты біріне-бірі қайшы келген аргументтері болған. Дьюи журналистер «халық білуі тиіс барлық ақпаратты таратуы тиіс, ал оның маңызы жайлы ойды сол халықтың өзі шешеді десе, Липпман «ақпаратты халыққа жеткізбей тұрып, журналистік топ, яғни редакция кез келген оқиғаны сүзгіден өткізуі, сұрыптауы тиіс» деген. Осы ойларынан-ақ, бірінші ойшыл либерал, ал екіншісі дәстүрлі консерватор болғанын аңғара аламыз.

Қазақ үкіметі де осы Липпманның ойын құптап отыр. Маусымның үшінен бастап, Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус кейстерін екіге (симптомды және симптомсыз) бөліп санайтынын мәлімдеді. Симптомсыз кейстер саны жалпы COVID-19 кейстерінің санына кіріктірілмейді. Расымен, бүгінге дейін Қазақстанда 13872 кейс анықталған. Бірақ одан басқа тағы 3159 симптомсыз кейстер тіркелген. Бірақ симптомсыз кейстер COVID-19 бойынша жалпы ресми кейстер есебіне кірмеген. Оған coronavirus2020.kz сайты немесе Джон Хопкинс университетінің Коронавирус ресурс орталығы сайты арқылы көз жеткізе аласыз.

Қытай вирусты жеңді деп жүрген азаматтар Қытайдың симптомсыз кейстерді ақпан айының орта шенінен бастап ресми статистикаға қоспай келгенін білмейтіні анық. Ал Ресей дәл сол әдіске 27 мамырда ауысты. Небәрі 6 күннен кейін, нақтырақ маусымның 3-нен, Қазақстан да бұл әдіске өтіп үлгерді. Бірақ бұл туралы Қазақстан халқы тек 6 маусымда білді.

Сол күні Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасында жаңа әдіс туралы екі тілде анонс берілген. Ал 8 маусымда, бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Фейсбукте тікелей эфирде симптомсыз кейстерді бөліп санау 3 маусымнан басталғанын айтты.

Бірақ 4 маусым күні Елжан Біртанов тікелей эфирде есеп беруі кезінде жаңа әдіс туралы ешнарсе айтпады. Бірақ симптомсыз кейстерді бөліп санау 3 маусымнан басталып кеткен еді.

Коронавирус жұқтыруынан өмірден өткендердің кейстері де манипуляцияланып жатыр. Ол туралы Азаттық тілшілері тамаша зерттеу жасады. Үкіметтің коронавирус кейстерін азайтуға тырысудағы нақты логикалық себебін анықтай алмай қойдым.

Жолдас Өрісбаевтың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1641
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1570
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1309
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1260