Сенбі, 27 Сәуір 2024
46 - сөз 4843 6 пікір 19 Маусым, 2020 сағат 12:26

«Ескермеген ауру жаман, еленбеген дау жаман»

Қарадаланың түйіні шешілмеген мәселесі көп. Негізгісінің бірі “ ҰЙҒЫР АУДАНЫ” - деген атты өзгеру.

Кейінгі кезде әр жерден бір бұрқ еткен текетірестер де сондай шешілмеген мәселелердің саллдары.

“Ескермеген ауру жаман, еленбеген дау жаман”.

Болды енді, қалжыңдап та, қағытып та, тіпті болмаған соң әдейі тегін кәнсерт қойып, сол ауданның ұйғыр, қазағының алдында да айттым. “Кәріс, неміс достардан ұят болып жүр, сендердің де ассамблеядағы игі жақсыларың олардың бетіне қарай алмай жүрген шығар, өзгертейік, еңселерің түспесін, еркін жүре беріңдер!” - дедім.

Аты қазақша болса ұйғыр ауып кетпейді ол жерден. Шелек пен Жаркентте, Алматының төрінде де ұйғыр болып тұрып жатыр ғой. Тақиясының өрнегі де өзгерген жоқ одан.

Осы халықтың жоғын жоқтап, көшеге шығартқыш, митингі жасағыш партиялар, билік сынағыш әпәзитсиалар, қазаққа өрмелеп шығып Күн болатын азаматтар да осы мәселе төңірегінде бірдеме дей ма? Әлде Қарадала халқы оларға дауыс бермей ма?

Асқар Наймантайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

6 пікір