Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
46 - сөз 2779 1 пікір 17 Маусым, 2020 сағат 14:09

Жерге деген қарым-қатынас қандай болу керек?

Менің ойымша біз жерімізбен ұтымды пайдалануымыз жөн. Әлбетте ҰТЫМДЫ, бірақ ПАЙДАЛАНУ керек. Ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен жерімізді ұрпақ үшін сақтап қалды. Ұрпақ сол жердің қызығын, адал еңбек етіп күн көрсін деп сақтап кеткен ғой? Біз сол жермен ҰТЫМДЫ және уақытша ғана пайдаланып келесі бауындарға аманат етіп қалдырып кетуіміз қажет.

Жерге жеке меншік қажет пе? Егер Қазақстан азаматы өз отбасына жер үйді салам десе оған 10 сотық жер жеке меншікке беруге болады деп ойлаймын. Өйткені ол еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне зиян емес. 10 сотык жерді адам ешқайда алып кетпейді ғой. Ал сол үй сол азаматтың балларына қалу керек.

Ғимараттар да сол - зауыт пен фабрикалар, шағын бизнес, СТО, қонақ үйлер, тағы басқа, - бұндай объектілерге арналған жерлер жеке меншікте болғаны елдің аумақтық тұтастығына қауіпті емес деп санаймын.

Ал көлемі өте үлкен жерлер - мыңдаған, миллиондаған га жерлер - тек қана жалда болуы керек, және тек қана Қазақстан азаматтарының қолында. Бұл қандай жерлер? Бұл ауыл шаруашылығына арналған жерлер. Тек бұндай ғана жерлердің көлемдері үлкен болады.Қазақстан азаматы болса да бұндай жерлер жеке меншіксіз, тек жалда болуы қажет.

Қорытындысы - біз жермен әлбетте ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ КЕРЕК. Жермен адал және ашық түрде еңбек етіп күн көруіміз керек. Жалпы жеріміздің қызығын көруіміз керек. Одан кейін аманат етіп кезекті буындарға аманатпен қалдырып кетеміз.

Менің ойым осы.

Мұхтар Тайжанның әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 425
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 227
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 256
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 247