Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
2014 1 пікір 16 Маусым, 2020 сағат 11:43

Коронавирус жұқтырған Біртановтың қызметін вице-министр атқарады

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырып, ем қабылдап жатқандықтан, оның қызметін уақытша вице-министр Лязат Ақтаева атқарады.

Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты.

- Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін уақытша вице-министр Лязат Ақтаева атқарады, - деді Ахметшәріп.

Елжан Біртанов 14 маусымда індет жұқтырғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтандағы стационарда жатыр екен.

- Денсаулық сақтау министрінің жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Оған қойылған диагноз - пневмония. Қазіргі уақытта хаттамаға сай ем алып жатыр. Стационарда ем алып жатқанына қарамастан, министр коронавирус инфекциясы штабының жұмысын онлайн түрде реттеп жатыр, - деген еді Диас Ахметшәріп.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 526
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 277
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 300
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 303