Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2471 0 пікір 26 Маусым, 2009 сағат 06:30

Серік ҚАРАБАС. Ереуіл ат ерттеулі тұр!

Алматыдағы темір жол техникасын жөндеумен айналысатын «Ырысты АЕВРЗ» зауытының үш мыңға тарта жұмысшысы ереуілге шығуға сақадай-сай отыр. Аптаның алғашқы күнінде жұмыстарын доғарып қойып, басшылықтың жасап отырған іс-әрекетіне қарсы етек-жеңін түрініп шыққан теміржолшылар қойған талаптары орындалмайынша өліспей беріспейтіндіктерін байқатты.

Алматыдағы темір жол техникасын жөндеумен айналысатын «Ырысты АЕВРЗ» зауытының үш мыңға тарта жұмысшысы ереуілге шығуға сақадай-сай отыр. Аптаның алғашқы күнінде жұмыстарын доғарып қойып, басшылықтың жасап отырған іс-әрекетіне қарсы етек-жеңін түрініп шыққан теміржолшылар қойған талаптары орындалмайынша өліспей беріспейтіндіктерін байқатты.

Талап біреу ғана, кезінде жеке меншік қолға өтіп кеткен кәсіпорынды мемлекет иелігіне қайтарып, оның акцияларын қарапайым жұмысшылардың сатып алуына мүмкіндік беру. Басқа әкетіп бара жатқан ештеңесі жоқ. Наразылық акциясына қатысушы топтың есебінше, зауыт мемлекет меншігіне өтетін болса, осы уақытқа дейін қордаланып келген көптеген түйткілдер шешімін таппақ. Ал, егер жоғарғы жаққа жолданған талап-тілектер орындалмай жерде қалатын болса, қаптаған қалың жұмысшы шілденің 2-ші жұлдызында қаланың қақ ортасына барып үлкен шеру өткізетіндіктерін ескертеді. «Біздің басты талабымыз - зауыт мемлекет қолына берілсін! Егер бір аптаның ішінде билік тарапынан нақты қадамдар жасалмаса, біз ереуілді бастаймыз. Адамдар жұмыстарына әдеттегідей уақытымен келіп, жұмыс аяқталғанша сол жерде болады, бірақ ешқайсысы жұмыс істемек емес. Тағы да қайталаймын, егер мәселемізді шешіп бермесе, 2-ші шілдеде Астана алаңына шығып, митингі ұйымдастырамыз. Қалалық әкімдіктен рұқсат сұрадық», - дейді «Алматы Электровагон» жөндеу зайытының бөлім бастығы Есен ҮТКЕШБАЕВ.

Әзірге белсенді топпен келісімге келуге не жергілікті билік өкілдері, не зауыт басшылығы әрекет жасамай отыр. Соған қарағанда бұл наразылықтың соңы Астана алаңында жалғасатын сияқты.

 

 

Серік ҚАРАБАС

«Қазақстан» апталығы. 24. 06. 09

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2018
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2436
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2019
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1586