Жексенбі, 19 Мамыр 2024
46 - сөз 3027 3 пікір 15 Маусым, 2020 сағат 17:05

Бюджеті 15 млрд, ал нәтиже қайда?

Елімізде Алтай мен Атырау арасына, оңтүстіктегі қарбызды дала мен солтүстіктегі астықты алқаптың бәріне тұтас тарайтын арнаның бірі "Хабар". "Айқынның" мына зерттеуін оқып шықтым. Зерттеу жақсы шығыпты, ол үшін алғыс.

Жалпы оқып, тенденцияны түсіне алмадым. Бұл қалай болғаны? Елімізде жыл сайын қазақтың саны артып келеді. Қазақ балалары қазақ мектептеріне барып, демографиямен-ақ алдыңғы он жылда тіл мәселесі оң шешілетіні айтылып жүр. Жыл сайын мемлекеттік арналардағы қазақ тіліндегі жобалар мен бағдарламалардың санын 10%-ға арттыру туралы нақты көрсетілген. Бүгін емес, кеше емес, сонау 2011 жылы. Сол уақыттан бері аттай 9 жыл өтіпті. Былай қарасақ "Хабардағы" қазақ тілінің үлесі 80-90% болуы тиіс, ал мына зерттеуге сүйенсек тіпті керісінше азайып кеткен. Орыс тілінің үлесі артыпты, мақала зерттеуі солай дейді. Қазақ тілінің үлесін бір көңіл көтерер ток шоулармен, концерттермен, бір-екі бағдарламамен жаба салғандай әсер қалдырады екен.

Зерттеуде "Хабардың" жыл сайынғы бюджеті 13-15 млрд теңге деп көрсетіліпті. 13-15 млрд! Бұл аудандардың бюджетінен көп қой, айналайын-ау. 15 млрдқа 15 млндық екі бөлмелі 1000 үй алуға болады. Бірақ сонша қаржыны идеологияны қалыптастырсын деп арнаға салып отыр. Бұл бюджеттің ақшасы. Ал кез келген бюджеттің ақшасы, ол халықтың салығы екені айтпаса да түсінікті жайт. Мен өз салығымның қаржысы тұтас мемлекетке тарайтын арнада орысша шүлдірлеп, ондаған жылдар бұрын ғұмыры өтіп кеткен сериалдарды, мәні мен мағынасы жоқ мультфильмдерді көрсетуге жұмсалғанын қаламас едім.

Қазақ тілінің үлесі неге артпай отыр? Сапалы қазақ тілді контент қайда? Қазақ тіліндегі мықты зерттеулер, халық мұңын айтатын бағдарламалар қайда? Бар болса неге аз? "Хабар-ау" қазақ тілінен сапалы өнімнен хабар бар ма? Мен жалпы кез келген мемлекеттік арнаның қазақ тілді болғанын қалаймын. Салық төлеушілердің 70% қазақтар. Демек кез келген салықтан түскен қаржыға күн көретін сектор да кемі 70% қазақша болуы міндетті. Міндетті! Кезінде ұлттық нақыштың бренді болған, халық сүйіп, әр бағдарламасын асыға күтетін "Хабар" сынды арнаның бүгінде орыстануға бет бұруының көрінісі байқалғандай. Өз басым оған қарсымын. Сіз не ойлайсыз көзі қарақты көрермен?

Мен осынша бюджетке ие "Хабар" жақын арада зерттеуде айтылған барлық олқылықты реттейді деп сенемін, үміт артамын.

Асхат Қасенғалидің әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2158
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2564
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2431
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1665