Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2086 0 пікір 8 Қараша, 2011 сағат 07:02

Бек Датұлы. Мәні кеткен Мәжіліс тарайтын болыпты

Ақорда жақтан Мәжілістің тарайтыны туралы мәлімет жетті. Ел ішін көптен кеулеп кеткен әңгіме расқа айналып, төменгі палата тағы да уақытынан бұрын тарайтын секілді. Бұл соңғы кездегі елдегі болып жатқан оқиғалардың салқыны тигендік емес, әуелден жоспарланып, жүйелі түрде іске асырылып жатқан жұмыстар деп түсінгеніміз жөн. Атап айтқанда, батыстың талабына орай парламентті бір партиялы ету жолында елдегі ықпалды партияның санын бірнешеуге жеткізу қолға алынды. «Ақ жол» партиясынан Бәйменов кетіп, іс басына Перуашев келді. Компартияның қызметі сот шешімімен уақытша тоқтатылды. Экологтардың «Табиғат» қозғалысын партияға айналдырғысы келетін бастамашыл топ құрылды.

Биліктің бұлбұл БАҚ-ы «Қазақпарат» «сенімді ақпарат көзіне» сілтеме жасай отырып таратқан хабар желбуаз әңгіме емес. Мәжілісті тарату туралы бастаманы «НұрОтан» партиясы немесе депутаттардың бірі көтеретін көрінеді. Жақын күндері парламент таратылатын болса екі айдың ішінде қайта жасақталуы керек. Яғни, кезектен тыс сайлау 2012 жылдың басында өтеді деген сөз. Қыстың қақаған суығын саясаттың қызуы жылыта алмас, бірақ тоңып жүріп терлейтіндер де аз болмас. Ал, жаңа жасақталатын парламентке іс білетін, елдің мұңын ойлайтын азаматтар бара ма, ол жағын уақыт көрсетеді.

«Маса-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2193
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2581
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2502
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1680