Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2433 0 пікір 4 Қараша, 2011 сағат 06:16

Дәуір дарабозы - Салық Зиманов дүниеден өтті

Алты алаш қабырғасын қайыстырып, қара жамылтып, заң ғылымының негізін салушы дара тұлға, академик Салық Зиманов ағамыз тоқсанға қараған шағында көз жұмды. Салық аға кәсіби заңгер ретінде, отандық заң, философия мен құқық ғылымдарының қалыптасуына зор үлес қоса отырып, еліміздегі қоғамдық-саяси ой тарихының шежірешісіне, ұлттық әдет-ғұрып құқығымыздың зерттеуші-ғалымына айналды. Қылышынан қан тамған кеңестік кезеңнің салқын саясатынан жасқанбай, Бөкей Ордасының тарихын жаңа көзқараспен тереңінен зерттеп, Жәңгір ханның прогрессивтік қызметін дәлелдейтін тың ойларға негізделген зерттеу еңбектерінің құны ғасыр жаңарған сайын арта түспек.

Бүгінгі қоғам оны тәуелсіз қазақ мемлекеті мен құқығының тарихын, республикадағы және Орталық Азия аймағындағы ұлттық мемлекет және ұлттық-мемлекеттік құрылыс теориясы мәселелерін зерттеуде жаңа ғылыми бағытты қалыптастырушы тұлға деп таниды. Тәуелсіз қазақ елінің Ата Заңын әзірлеуге белсене атсалысқан дәуір дарабозының аңызға бергісіз өнегелі өмір жолы - өскелең ұрпақ үшін мәңгілік үлгі.

Иманыңыз жолдас, жаныңыз жәннатта болсын аңыз аға!

«Абай-ақпарат»

0 пікір