Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2910 0 пікір 26 Маусым, 2009 сағат 04:47

Мұныңыз қалай, Мақаш аға?

 

Жақында республикалық «Литер» газетінде танымал демограф Мақаш Тәтімов ағамыздың «Народная считалочка» атты мақаласы жарық көрді. Әлгі мақаласында ғалым ағамыз жақында өткізілген ұлттық санақ нәтижелерін жоққа шығарып, бұл науқанды келесі жылы тағы да өткізу керек деп мәселе көтерген екен.

Ұлттық санақ Мақаш Тәтімовке несімен ұнамады екен?

Біріншіден. Мақаш ағамыз мақаласын әйгілі Нина Андрееваның «Я не могу молчать» деген сөзінен бастап, санақ кезінде көптеген азаматтардың қамтылмай қалғанын алдыға тартыпты. «Егер әр есепші әр бір ере­сек адамның есігін қағып, бар­лық сұрақтар бойынша жауап алуы керек болса, қан­дай сапа туралы айтуға бо­лады?» - депті Тәтімов мырза.

 

Жақында республикалық «Литер» газетінде танымал демограф Мақаш Тәтімов ағамыздың «Народная считалочка» атты мақаласы жарық көрді. Әлгі мақаласында ғалым ағамыз жақында өткізілген ұлттық санақ нәтижелерін жоққа шығарып, бұл науқанды келесі жылы тағы да өткізу керек деп мәселе көтерген екен.

Ұлттық санақ Мақаш Тәтімовке несімен ұнамады екен?

Біріншіден. Мақаш ағамыз мақаласын әйгілі Нина Андрееваның «Я не могу молчать» деген сөзінен бастап, санақ кезінде көптеген азаматтардың қамтылмай қалғанын алдыға тартыпты. «Егер әр есепші әр бір ере­сек адамның есігін қағып, бар­лық сұрақтар бойынша жауап алуы керек болса, қан­дай сапа туралы айтуға бо­лады?» - депті Тәтімов мырза.

Жауап: кез-келген ірі науқан қателіксіз өтпейді. Кез-келген ірі науқанның өту барысына көңілі толмағандар болады. Бұл заңдылық. Республикамыздың халқын түгел қамтып, дерек жинау президенттік сайлаудан да күрделі. Ендеше,  ұлттық санақтың да қателіксіз өтіп, жүз пайыз адамның көңілінен шығуы екіталай. Есімізде болса, санақты өткізушілер де кезінде аз-маз адамның қамтылмай қалу мүмкіндігі туралы алдын-ала ескерткен болатын. Егер санақшылар Мақаш ағамыздың үйіне келмеген жағдайда, ол кісі азаматтық белсенділік танытып, барлық басылымдарда жарияланған санақ штабтарына телефон шалып, санақшыларды қайта шақыруына не болмаса олардың «сапасыз жұмысына» шағым айтуына толық мүмкіндігі бар болатын. «Көптеген адресаттар біздерге санақшылар мүлдем келген жоқ», - деп,  ұлттық науқанның нәтижесін жоққа шығару мүлдем қиянат. Егер Мақаш ағамыздың қолында нақты, мысалы, Алматы қаласы бойынша осыншама мың адам, осыншама мың отбасы қамтылмады деген деректері болса, оны жариялағаны абзал. Өйтпеген жағдайда дәйексіз пікір айту - үлкен қателік!

Жалпы алғанда, санақты өткізген алпыс мың адамның ішінде, әрине, салағы да, ұрысы да, жемқоры да, еріншегі де болды. Алайда, өз жұмысын адал, байыппен, белгіленген тәртіппен істегендер көпшілік емес пе! Сонда Мақаш ағамыздың жалпылама, тіпті өрескел пайымдары соларды қорлаған болып шықпай ма? Алпыс мың адамның барлығы атымен алаяқ емес шығар? Мектептерде де, ауруханаларда да надандар, ұрылар бар. Бірақ, білім не денсаулық саласында надандар мен ұрылар бар екен деп мектептер мен ауруханаларды жауып қоймаймыз ғой! Сол сияқты санақшылардың кейбіреуі жұмысын дұрыс атқармады екен деп, санақты жоққа шығаруға болмас, Мақаш мырза!

 

Екіншіден. Мақаш ағамызға санақ анкетасындағы сұрақтар ұнамаған екен. «Мысалы, - дейді Мақаш ағамыз, - 15 мың тең­ге немесе 1 мың доллар ай­лық алатынын кім ашық ай­та салады? Немесе жұмысқа қа­лай жететіндігі туралы сұ­рақ тіпті артық... Ең бастысы - демографиялық көрсеткіш­тер, отбасы жағдайы, бала туу, ұлттық тіл, қалғаны - екін­ші кезектегі мәселелер».

Жауап: Мақаш ағамыз білікті маман. Білікті маман ретінде ол кісі ұлттық санақтың ең объективті ұлттық әлеуметтанушылық зерттеумен пара-пар екенін жақсы біледі. Олай болатын болса, Есеп агенттігінің халқымыздың әлеуметтік жағдайы, тыныс-тірішілігі туралы көптеген сұрақтарға жауап алғысы келгендігі заңды, орынды құбылыс. Ертеңгі күні жиналған деректердің негізінде талай-талай актуалды зерттеулер жүргізіліп, олардың нәтижелері мемлекеттік бағдарламалар мен іс-қимылдардың өзегіне айналады. Біздің ойымызша, санақ анкеталарына осындай сұрақтардың қосылуы «қылмыс» емес! Ал ағамыздың «мың тең­ге немесе 1 мың доллар ай­лық алатынын кім ашық ай­та салады?» деген уәжіне келетін болсақ, талай адамдар санақ кезінде өзінің ұлтын, қызметін, тегін жасырып жатады. Анкеталар жинақталып, олар компьютер арқылы өңделген кезде «жауапсыз сұрақтар» шығып отырады. Осы санақ нәтижесі бойынша да, мәселен, халқымыздың бір-екі пайызы «ұлтын көрсетпегендер», «қызметін көрсетпегендер» болып шығады. Алайда азғантай топ «ұлтын көрсетпеді екен» деп санақтың нәтижесін жоққа шығарамыз ба?

Қадап айтамыз: санақ анкетасы ең озық әлемдік үрдістер мен әдістемелерге негізделіп жасалған. Оған БҰҰ-ның мамандары жоғары баға берген. Әлемдік және қазақстандық мамандар санақтың әдістемелік жақтарына байланысты сыни пікір айтқан емес. Бүгінгі күні санақты жоққа шығарып отырған екі топ бар. Біріншісі - Қазақстандағы саны, ықпалы мен беделінен айрылып бара жатқан славяндық ұйымдар! Өкінішке қарай, Мақаш ағамыздың мақаласы сол «сыншылардың» диірменіне су құйғандай қадам болып отыр. Екіншісі - алғашқылардың күңкіліне құлақ асып, солардың алдында «арзан бедел» жинауға тырысқан жергілікті саясаткерсымақтарымыз бен шыншылсымақтарымыз.

 

Үшіншіден. «Көк көрпені бүлкілдет» деп ұран тастаған Мақаш көкеміздің пайымы бойынша, қазақтың саны 67 пайыз емес, 61 пайыз болуы керек екен! Әрі кетсе, 63 пайыздан жоғары болмайды екен! Олай болатын болса, санақтың нәтижесі бұрмаланған болып шығады.

Жауап: Мақаш Тәтімовтың бұл уәжіне де жол болсын дейміз. Қазақтың, қазақ ұлтының резистивтік (қарсыласу, қиындыққа төзу) қасиеттерінің, өзін-өзі сақтау инстинктерінің жоғары екені ешкімге де жұмбақ емес. Осыдан біраз уақыт бұрын, дәлірек айтсақ, 1967, 1977, 1987 жылдардағы санақтардың нәтижелері көрсеткендей, қазақтар демографтарды талай мәрте қайран қалдырған халық. Екі соғыс пен екі аштықтан, қуғын-сүргін мен озбыр отарлаудан аман қалған халық осы жолы да демографтардың есептерін жоққа шығара алмады деп кім айта алады? Кеңес заманында өткізілген санақтар кезіндегі деректерге сүйенсек, қазақтар әр он жыл сайын 13-пайыздық өсім беріп отырған. Ал өзіне-өзі ие болып, мемлекеттігін қолына алған кездегі қазақтар қарап қала ма? Есесіне славян халықтары төмен өсім көрсетіп жатса, елден кетіп жатса, қазақтың саны өспегенде шүршіттің саны өсуі керек?

Тағы бір мәселе. Мақаш ағамыздың өзі де есептерін аксиома деп айта алмас. Ол кісі де ет пен сүйектен жаралған адам, қателескен, кейбір кезде «асыра сілтеген» кездері де болды. Ағамыздың болжамдары, мәселен, қазақ ғалымдары мен әлем демографтары ұстанып отырған сандармен талай жерде келіспей жатады. Олай болатын болса, Мақаш ағамыздың «Литер» газетіндегі пайымдарына да белгілі дәрежеде күдікпен қарауға болады.

 

Түйін. Сонымен, журналистер еліміздегі «беби бумның атасы» деп ат беріп айдар таққан  демогорафымыздың шала бүлінуіне не себеп? Ол әлгі аталған мақаласында: «Я сожалею, что так случилось, что наши чиновники могли обмануть нас, и даже меня. Я проанализировал 11 переписей, поскольку большой знаток этого вопроса, меня даже на консультацию по переписи не приглашали» - деп қалыпты. Бәлкім, мәселенің барлығы осыған тіреліп отырған шығар? Олай болса, біздің Есеп агенттігіндегілер тактикалық қате жіберді: қажеті бар ма, жоқ па демографияға қатысты мамандарды толық жинап, ең болмаса басын бір қосуы керек еді. Өздерінен көрсін!

Қайталап айтайық, біз Есеп агенттігіне адвокат болудан аулақпыз. Біз үшін бір ғана нәрсе анық: осы мемлекеттік органда орын алған жемқорлық фактілері ұлттық санақтың нәтижелеріне, оның әдістемелік, ұйымдастырушылық жақтарына еш күмән келтіре алмайды! Біздер де объективті шындық жағындамыз. Өміріміздің оң, түзу бағаланғанын, зерттелгенін қалаймыз. Солай бола тұрып, дәл бүгінгі күні айтуға болатын, осыдан он жылдан кейін айтуға болатын, осыдан тек жиырма жылдан кейін айтуға болатын мәселелердің бар екенін жақсы түсінеміз. Қанша жерден ғалым болайық, шыңғырған шыншыл, айқайлаған ақиқатшыл болайық, дегенмен дәл бүгін көтеруге келмейтін сұрақтардың бар екенін білеміз. Мәселен, шекара мәселесі бойынша бүгінгі күні объективті зерттеулердің болатынына біз сене қоймаймыз. Олай болатын болса, біздер сол шекараны бекітіп, еліміздің тұтастығы, мемлекетіміздің мызғымастығы үшін білегімізді түріп күні-түні жұмыс істеуіміз керек. Ал шекаралардың анық-қанығы келер ұрпақтардың үлесіне қалғаны дұрыс шығар! Бүгінгі күні ұлт саны, демография мәселелері - қызып тұрған майданның өзі. Майдан нақты әрекет етуді, ауызбіршілік танытуды, ортақ мүддеге табынуды талап етеді. «Дұрыс», «бұрыс» деген сұрақтар жеңістен кейін өз шешімін таба жатар. Оның үстіне жеңгенді қылыш шаппас болар. Жеңілмесек, ұтылмасақ болғаны!

 

 

 

«Абай-информ»

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2039
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2471
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2054
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1595