Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2366 0 пікір 4 Қараша, 2011 сағат 06:02

СҚО табиғи бағында браконьерлікке күдікпен бақташы ұсталды

Петропавл. 4 қараша. ҚазТАГ - Солтүстік Қазақстан ұлттық табиғи бағында браконьерлікке күдікпен бақташы ұсталды, деп СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Браконьер» операциясы барысында Айыртау ауданында бақташы қолға түсті. 39 жасар жылқышының қанжығасындағы қаптан сойылып, жіліктелген еліктің еті табылды», - деді баспасөз қызметінен.

Айыртау ауданының Лобанова селосының тұрғынының айтуынша, иттер орманнан жаралы елікті қуып шыққан. Жылқышы оны сойып, жіліктепті. «Жылқышыдан пышақ алынды, ол елікті сойған жерді көрсетті. Ол елікті «Мемлекеттік ұлттық табиғи бақ» ББ филиалының территориясында ұстапты. Ал ол жерде аң аулауға мүлдем тиым салынған», - деді баспасөсз қызметіндегілер.

Полицейлердің мәліметтерінше, мемлекетке келген шығын Т150 мың болды. Аталған факті бойынша материалдар жиналып, сараптама жасалып, қылмыстық іс ашу мәселесі қарастырылып жатыр.

0 пікір