Сенбі, 4 Мамыр 2024
Анық-қанығы 2624 2 пікір 13 Мамыр, 2020 сағат 14:16

Карантин қашан аяқталады?

11 мамыр күні Президент пәрмен беріп, ел аумағында Төтенше жағдай режимі аяқталды. Дәл сол күні Алматы мен Астана секілді ірі қалаларға аймақтағы ағайын асыға басып, ағыла көшіп келді. Келді, бірақ кіре алмады. Қалаға кіріберістегі блок-бекеттерден өте алмады. Өткізбеді. Себебі біреу – Төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин аяқталған жоқ.

27 сәуірде президент Тоқаев мәлімдеме жасап, ТЖ режимі 11 мамырда аяқталатынын ақпарлаған еді. Содан бері, тұрмыс-тіршілігі тұралаған көп жұрт 11 мамырды асыға күтіп жатқан еді. Алайда, мамырдың 11-інде ірі қалалардың есігі өңірдегі еңбекші халыққа айқара ашыла қойған жоқ. Ебін тапқандар өтті. Қалғандары кері айналып кетті.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин әлі жалғасады деді. Ал қазір өңірлердегі Бас санитарлар шет-шетінен қаулы шығарып, карантин мерзімін белгілеп жатыр. Сонымен, көптің көңілін күпті еткен жалқы сауал – карантин қашан аяқталады?

Алматыда – эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанға дейін. Шектеулер біртіндеп алынады.

1628 (+6) адам індетті. 485 адам жазылып шыққан. 9 адам қайтыс болған.

Нұр-Сұлтанда – эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанға дейін. Шектеулер біртіндеп алынады.

1118 (+15) адам індетті. 455 адам жазылып шыққан. 3 адам қайтыс болған.

Шымкент – 25 мамырға дейін карантин.

245 адам індетті. 149 адам жазылып шыққан. 6 адам қайтыс болған.

Маңғыстау облысы – 25 мамырға дейін карантин.

130 адам індетті. 19 адам жазылып шыққан. 1 адам қайтыс болған.

Қызылорда облысы – эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанға дейін.

231 адам індетті. 172 адам жазылып шыққан.

Ақтөбе облысы – эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанға дейін.

176 адам індетті. 55 адам жазылып шыққан.

Алматы облысы – Мамыр айының соңына дейін карантин.

183 адам індетті. 87 адам жазылып шыққан.

Ақмола облысы – эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанға дейін. Шектеулер біртіндеп алынады.

110 адам індетті. 94 адам жазылып шыққан. 4 адам қайтыс болған.

Қарағанды облысы – жағдайдың жақсаруына қарай шектеулер біртіндеп алынады.

200 (+3) адам індетті. 99 адам жазылып шыққан. 3 адам қайтыс болған.

Жамбыл облысы – жағдай жақсарғанға дейін созылады.

198 (+6) адам індетті. 93 адам жазылып шыққан. 1 адам қайтыс болған.

Атырау облысы – 25 мамырға дейін карантин.

432 (+92) адам індетті. 126 адам жазылып шыққан.

БҚО – 25 мамырға дейін карантин.

266 (+11) адам індетті. 112 адам жазылып шыққан.

Түркістан облысы – 25 мамырға дейін карантин.

190 (+4) адам індетті. 112 адам жазылып шыққан. 1 адам қайтыс болған.

Павлодар облысы – жағдайдың жақсаруына қарай шектеулер біртіндеп алынады.

154 адам індетті. 89 адам жазылып шыққан. 2 адам қайтыс болған.

ШҚО – 1 маусымға дейін карантин.

52 (+1) адам індетті. 15 адам жазылып шыққан. 1 адам қайтыс болған.

СҚО – жағдайдың жақсаруына қарай шектеулер біртіндеп алынады.

36 адам індетті. 29 адам жазылып шыққан.

Қостанай облысы – жағдайдың жақсаруына қарай шектеулер біртіндеп алынады.

68 адам індетті. 32 адам жазылып шыққан. 1 адам қайтыс болған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1043
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 923
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 686
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 776