Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
2189 1 пікір 12 Мамыр, 2020 сағат 11:02

Өзбекстан ЕАЭО құрамына бақылаушы ел ретінде кіреді

Бейсенбіде Өзбекстан парламентінің жоғарғы палатасы республиканың Еуразиялық экономикалық одақпен (ЕАЭО) әріптестігі мәселесін талқылады.

Сенаттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл мәселе сенаторлар арасында қызу пікір-талас тудырды.

"Пікір-таластан соң сенаторлар Өзбекстан Республикасының ЕАЭО құрамына бақылаушы мемлекет ретінде кіру туралы ұсынысты мақұлдады" делінген сенат хабарламасында.

Ұйыммен әріптестікті жақтаушылардың айтуынша, ЕАЭО-пен байланыс сыртқы сауданы арттырып, елде ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сонымен бірге Өзбекстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін ЕАЭО елдеріне кеденсіз экспорттауға жол ашады.

Ұсынысқа қарсы шыққандардың пікірінше, бұл ұйымға кірген соң Өзбекстанда экономиканың бірқатар саласында өндіріс деңейі төмендеуі мүмкін, жұмыссыздық көбейіп, инвестициялық белсенділік пен өнеркәсіпті модернизациялау тежеледі. Бұған қоса, сенаторлар республиканың Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі де маңызды екенін атап өтті.

Еске салайық, 28 сәуірде Өзбекстан парламентінің төменгі палатасы республиканың ЕАЭО-на бақылау мемлекет ретінде кіру ұсынысын мақұлдады. Енді ұсынысты президент Шавкат Мирзияев жарлығымен бекітуі тиіс.

Еуразиялық экономикалық одаққа Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей мүше. Молдова ЕАЭО-та бақылаушы мәртебесіне ие.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2195
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2583
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2511
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1682