Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
3964 6 пікір 11 Мамыр, 2020 сағат 14:40

Алматыға кіре алмаған қаранөпір блок бекеттерде тұр

Сурет malim.kz сайтынан алынды

Бүгін Төтенше жағдай режимі аяқталуына байланысты, Алматыдағы жұмыстарына келген қала маңындағы елдімекендердің тұрғындары блок бекеттерден өте алмады.

Көліктерімен ағылған жұрт қалағаға кіріберісте бірнеше шақырымдық кептеліске тұрып қалды.

Әлеуметтік желіде «Алтын Орда» базарындағы блок бекетте түсірілген видео пайда болды. Ал Алматы аталған бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді.

«Алтын Орда» базарының жанындағы блокбекетте таңертең адам көп жиналған. Қоғамдық тәртіп бұзылмады. Адамдарға қаланың периметрі бойынша 27 блокбекеттер бұрынғы тәртіпте жұмыс істейтінін түсіндірілді. Қазір блокбекеттегі жағдай тұрақты» ,- деді Алматы қалалық полиция департаменті.

«В Казахстане сегодня царит настоящий правовой беспредел! Несмотря на прекращение действия ЧП, на въездах в Алматы сохранились блок посты, закрывающие въезд и выезд из города, а в городах продолжает действовать запрет на свободу передвижений. Сохранение всех ограничений, Власть объясняет тем, что 2 мая было принято решение о том, что « Главный государственный санитарный врач страны может вводить и отменять ограничительные мероприятия на всей территории страны». Прекрасно, а, интересно знать, кто такое решение принял по ограничению конституционных прав граждан? Маслихат? Сенат? Президент? Нет! Это решение приняло Министерство здравоохранения РК. А так как санитарный врач не отменил карантин, то все запреты продолжают действовать независимо от прекращения ЧП. Власть! Вы что там наверху, совсем уже охренели? С каких это пор решение министерства стало выше главного закона страны – Конституции? Если эту правовую вакханалию не остановить, то завтра каждое министерство станет издавать удобные для себя решения наплевав на Конституцию РК и вот тогда действительно начнётся всеобщий хаос», - деп жазыпты желі қолданушысы Ибраш Нусупбаев.

Ал белгілі журналист Қасым Аманжол:

«Тура бір жарым сағатта 200 метр жер жүрдім. Алдымдағы постқа әлі 500-600 метр бар. Мына жылдамдықпен түске таман жетіп қалам. ТЖ бітті деген соң ағылған жұрт блокпостарды бітеп тастады. Қарсы бағытпен, жол жиегімен озып, жол ережесін бұзған, жанталасқан қауым. Тәртіптілер тұрмыз...
Бұл Алматының шығыс бағыттан кіреберісі, Талғар жолы. Осыдан бес жыл бұрын бұл жолмен күніге 60 мың көлік кіріп шығатын. Қазір одан көп, әрине. Алтынорда жақ не боп жатқанын елестетудің өзі қиын. ТЖ тоқтайды дегенде Тоқаев жұрттың бәрі кортежбен, не ереже бұзып қарсы бағытпен жүрмейтінін, ұлы нөпір пробка боларын неге болжамады? Блокпостан кері қайтарылған ел қалаға кіруге керек КВИ ға тест тапсырам деп сенделетінін неге түсінбейді?», - деп жазған.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2197
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2583
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2516
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1682