Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
2754 0 пікір 5 Мамыр, 2020 сағат 11:36

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру тамыз айына дейін созылды

Қазақстанда коронавирус эпидемиясына байланысты көктемгі әскерге шақыру науқаны тамыз айына дейін созылды. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

"Жасы 18-ден 27-ге дейінгі ер азаматтарды Қарулы күштерге, ішкі істер министрлігіне және Қазақстанның мемлекеттік күзет қызметіне шұғыл әскери қызметке шақыру наурыздан тамыз айына дейін және қыркүйектен желтоқсан айына дейін жалғасады", – делінген жарлық мәтінінде.

ҚР Қарулы күштері Бас штабының ұйымдастыру, жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастысы Сәкен Жүсіпов азаматтарды әскерге шақыру төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін қайта жүргізілетінін айтты.

"31 тамызға дейін ұзартылады. 2019 жылы көктемде әскерге шақырылған әскери қызметшілер запасқа шығару – төтенше жағдай режимі алынған жағдайға, осы жылдың 30 маусымына дейін жүргізілетін болады. Бұл ретте әскери шақыру мен запасқа шығару қолданыстағы заңнамаға сәйкес іске асырылады", - деді ол.

Бастапқыда әскерге шақыруды шілде айында аяқтау жоспарланған.

Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты 16 наурызда енгізілген төтенше жағдай 11 мамырға дейін созылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1786
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1773
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1493
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1395