Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
4057 0 пікір 5 Мамыр, 2020 сағат 11:34

Алматыдағы блокпостар алынды: тұрғындарға қалада жүруге рұқсат берілді

Алматы полициясының 4 мамырда хабарлауынша, қаланы аудандарға бөлген блокпостар алынды, тұрғындарға қала аумағында жүруге рұқсат берілді.

"Қала ішінде базаға (infoalmaty.kz порталы) енбеген адамдар да еркін жүре алады. Бірақ жұқпалы коронавирустан сақтану шараларын, тазалықты ұмытпаған жөн", - деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қала шетіндегі 27 блокпост алынған жоқ: Алматыға арнайы рұқсатпен ғана кіріп-шығуға болады.

Қазақстанда 15 наурызда төтенше жағдай режимі жарияланды, жақында оның мерзімі 11 мамырға дейін создырылды. Бірақ бірнеше күн бұрын билік карантин тәртібін жұмсарту туралы шешім қабылдады. 4 мамырда бірқатар кәсіпорын жұмыс істей бастады.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елде 4049 адам коронавирус жұқтырды, 1173 адам аурудан айықты. 29 науқас жұқпалы індеттен көз жұмды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1785
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1769
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1489
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1390