Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
2589 6 пікір 5 Мамыр, 2020 сағат 11:35

Латын графикасына көшкенде әрбір сөзге жәдігер ретінде қарау керек

4 мамыр күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрлігінің "ONLINEda bol" жобасы аясында Тіл саясаты комитетінің
тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық
ғылыми-практикалық орталығы Жаңа әліпби негізіндегі ұлттық жазудың
жаңғыруы» тақырыбындағы онлайн дәрістердің үшінші кезеңін бастады.

Осыған орай Орфографиялық жұмыс тобының мүшесі, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Момынова «Жазу мен
ауызекі тілдің әсерлесуі: кейбір белсенді үдерістер» тақырыбында дәріс
өткізді.

Ғалым тіл мен мәдениетті сақтау, қолда барды жоғалтып алмау,
жоғалғанды қалпына келтіру мүмкіндігінен айырылып қалмау жағдайы
көптеген ұлттардың басынан өтіп жатқан жағдай екендігін, сол себепті
латыннегізді жаңа қазақ жазуына көшу кезінде тілдегі әрбір сөзге жәдігер
ретінде қарау белең алып жатқанын, алдағы уақытта да ұлттық сананы осы
бағытта тәрбиелеу жалғасу қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, айтылым
мен жазылымдағы ерекшеліктерге де тоқталып, емле ережелерін түзуде де,
сөздік түзуде де, әліпби түзуде де бірыңғай, бір құрылымға бағынып жасау
мүмкіндігі бола бермейтінін ескертті.

«Бір сөзде морфологиялық принцип басшылыққа алынса, кейде
айтылымға бағынып, айтылымның басымдық алып кететіні де байқалады», -
дейді ғалым.

Екінші дәрісті Орфографиялық жұмыс тобының мүшесі, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Н.Әміржанова «Латынәліпбилі қазақ жазуы: грамматологиялық талдау түрлері» тақырыбында өткізді. Дәріс барысында грамматология саласының дыбыс, әріп, фонема, графема тәрізді шағын бөлшектерінен бастап, графемика, фонология, фонетика, семиотика тәрізді ірі категориялары туралы кең мағлұмат берілді, грамматологиялық талдаудың не үшін қажеттілігі түсіндіріліп, ауызша тіл мен жазба тілдің арақатынасы, фонология туралы ақпарат айтылды және фонетикалық талдау мен фонологиялық талдау нақты мысалдар арқылы көрсетілді.

Дәрісті онлайн режимінде 66 адам тыңдап, сұрақтар қойды. Дәріс
соңында көкейде жүрге сауалдарға пікірлер айтылды. Онлайн курс Facebook
әлеуметтік желісінде ONLINEda bol тобы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1709
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1672
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1400
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1328