Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
3747 0 пікір 2 Мамыр, 2020 сағат 13:16

Президент су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды.

"Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарынан Түркістан обл. Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су басты. Бүгін ПМ А.Мамин мен облыс әкімі Ө.Шөкеев ауыл тұрғындарын эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырдым",- деп жазды Қ.Тоқаев Twitter желісінде.

Айта кетейік, Өзбекстанда 1 мамыр күні болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылды.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, 2 мамыр күні сағат 04.30-да Мақтарал ауданының шекарасында коллектордан су өтіп, Жеңіс және Жаңа Тұрмыс елді мекендері су астында қалған.

Сондай-ақ, Мырзакент - Жеңіс - Жаңа Тұрмыс автомобиль жолдарын су басты.

Abai.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1710
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1675
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1403
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1332