Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
2824 5 пікір 1 Мамыр, 2020 сағат 19:26

Алматы облысында кәсіпкер 500 отбасын бес айлық азық-түлікпен қамтамасыз етті

«Халқым қиналмасын» Алматы облысында кәсіпкер 500 отбасын бес айлық азық-түлікпен қамтамасыз етті. Әр отбасына 116 келіден тамақ табысталды

Алматы облысында кәсіпкер 500 жанұяны азық-түлікпен жарылқады. Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты табыссыз қалған, күнкөрісі төмен жанұяларға таратылды. «Қайырымдылық керуені» атты ауыр жүк көліктері азық-түлікті облыстың үш ауданына бір апта бойы тасыды. Алғашқы көмек шалғайдағы Ақсу ауданының әлеуметтік тұрғыда әлжуаз 200 жанұясына теңдей бөлініп берілді.

«Басқа түскен қиыншылық кезінде ауылдан шыққан азаматтар елін ұмытпай, халыққа көмегін беріп жатыр. Бұншама азық-түлікті сатып алуға әркімнің жағдайы келмейді. Сонау Алматыдан осыншама мол дүние келеді деп ойламаппын. Осы ойлап, халқына көмек жіберген Молдияр Нұрбаев деген азамат екен. Рақмет айтамыз ауыл тұрғындарының атынан», - деді Бикен Баетова

Қос көлікке тиеліп жеткен өнімдер әр отбасы үшін бірнеше айға жетеді. 50 келі ұн, 25 келі күріш, 25 келі қант, 10 келі макарон. 5 литр күнбағыс майы мен 1 келі шайы тағы бар. Әр отбасына жалпы жиынтығы 116 келден астам азық-түлік таратылды. Алыстан жеткен аманатты алған адамның бірі жасы 90 асқан Биғайша Машанова.

«Жастар бұндай қауіпті, қиындықты көрмесін. Дерт келмесін. Қазір мына ауру қиын болып жатыр. Күндіз-түні халым аман болсын деп уайымдаймын. Жастар жұмыс таппай қалғанда бұл елге әжептәуір көмек болады. Елін ойлаған азаматтар аман болын», - деп батасын берді қарт әже қайырымдылық жасаған жандарға.

Алматыдан жеткен азық-түлікті аудан әкімдігі қабылдап, өздері жасаған тізім бойынша тұрғындарға таратты. Ақсулықтар ауылдан 25 жыл бұрын кетседе артындағы елін ұмытпаған азаматқа разы. Атымтай жомарттығымен аты шыққан Молдияр Нұрбаев былтыр 54 жыл жүрделі жөндеу көрмеген атақты Мамания мектебін толықтай жаңартып, қажетті техникалық жабдықтардан бөлек оқу орына су жаңа авткөлікте алып берген еді.

«Өткен жылы ауыл халқы бау-бақшасын суарсын, қиналмасын деп Молдияр Қылшықұлы халыққа 7 шақырым жерден су арнасын тартып берді. Былтыр алаштың ардақтысы Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына орай аудан орталығынан ақынның алып ескерткішін тұрғызды. Бүгін міне төтенше жағдай кезінде халыққа тағы қол ұшын берді. Үлкен-кішінің атынан алғыс айтамыз», -деді Ақсу ауданы ардагерлер алқасының төрағасы Арнай Амантаев.

Қайырымдылық көмек Жамбыл мен Талғар аудандарының халқына да жіберілді. Күн көрісін Алматыдан тауып жүрген тұрғындар қазір карантинге байланысты қалаға келе алмай, табысынан айырылған. Аудан орталығынан 100 шақырымдай жерде тұратын Айнагүл есімді ананың 8 баласы бар. Сүт сатумен ғана күн көріп жүрген көп балалы отбасы қуаныштарын жасыра алмай, алған азық-түлік өздеріне бірнеше айға дейін жететінін айтты.

«Көп-көп рақмет. Қуаныштымыз. Жамбыл ауданына қарасты таудың түбіндегі Сұңқар деген 5-6 ғана үйі бар бөлімшеде тұрамыз. Мөшектеп берілген күріш, қант ұн бізге бес-алты ай азық болады. Үлкен баламыз енді ғана 18 жасқа толса, кішіміз небәрі 5 жаста. Алғысымыз шексіз, Алланың нұры жаусын осындай ораза айында игі істі жасаған Молдияр ағаға» , - деді Шыныбай мен Айнагүл есімді көп балалы ата-ана.
Тұрғындар бір жарым айдан аса карантинде жатқан тұрғындардың қинала бастағанын айтады. Ал меценат осындай қиын сәтте ғана емес, ел бірлігі үшін азаматтар Президентің бастамасын қолдап, көмек қолын созу қажет деп санайды.

«Президентіміз Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы тек осы карантин кезінде халыққа бірнеше рет үндеу жасады. Вирустың қауіпті екенін, халыққа қиын соғып жатқанын түсіндірді. Мемлекетті дамыту жолында ел азаматтарына үміт артатынын алғашқы жолдауында да айтты. Сондықтан бұндай сәтте қолында қаржысы әр азамат өзін ойлай бермей, елге, халыққа шамасынша көмек қолын созу керек деп санаймын. 60 тонна азық-түлікті алып, таратып беруді жөн санадым. Мемлекет басшысы қандай тапсырма берседе орандауға тырысам. Шын мықты мемлекеттен көмек сұрай бермей, елге қызмет қылу керек», - деді Алматы облысы «Газ шаруашылықтарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Молдияр Нұрбаев.

Бүгінде жасы 70 ассада аттан түспеген кәсіпкер өңірге атымтай жомарттығымен танылған. Облыстан бөлек Алматының Наурызбай ауданындағы және қалаға іргелес жатқан елді мекендердегі тағы жүз жанұяға да қолұшын созды. Қайырымдылық жасадан қайтпаған Молдияр Нұрбаев Жамбыл, Талғар, Қарасай және Наруызбай аудандарын көгілдір отынмен қамтамасыз етіп келеді. Алматы облысының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері сынды көптеген атақтардың иесі қасиетті рамазан айында халыққа жеңілікпен газ тарту жұмыстарын әрі қарай жалғастырмақ.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1792
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1785
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1501
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1400