Сенбі, 4 Мамыр 2024
3828 0 пікір 1 Мамыр, 2020 сағат 12:04

COVID-2019: Қазақстанда мұнай кенішінен мыңдаған адамды шығарып жатыр

Атырау облысындағы Теңіз мұнай кенішінде коронавирус 71 жұмысшыдан анықталды. Бұл жөнінде 30 сәуірде төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штабта хабарланды.

Ресми мәлімет бойынша, коронавирус анықталған адамар мың жарым адаммен байланыста болған. Олардың тең жартысы туыстары қалған жартысы әріптестері.

"Теңізшевройл" мұнай компаниясы 16 сәуірден бастап жұмысшыларының бір бөлігін кеніштен көшіре бастады. Жалпы Теңізден 17 мыңдай жұмысшы шығарылады. Қазір 10 мыңнан астам жұмысшыны көшіру жұмысы аяқталып қалған. Өлкенің әр аймағынан келген жұмысшыларды ұшақ, пойыз және автобустармен мекеніне жеткізіп жатыр. Жұмысшыларды көшіру 5 мамырда аяқталады.

"Теңізшевройл" осыған дейін жұмысты бәсеңдетіп, жұмысшылар санын қысқарту жоспарында барын мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1036
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 912
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 681
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 766