Сенбі, 4 Мамыр 2024
46 - сөз 5620 14 пікір 29 Сәуір, 2020 сағат 13:35

Қазақтың талай проблемасын әлемдік деңгейдегі өнертапқыштар шешеді

Менің ойымша Қазақстандағы бірнеше проблеманың шешімін қазақтың өзі емес адамзат баласының дамуы мен технологияның күші шешеді.

Қарапайым мысал сөз бостандығы мен пікіралуандылығы интернет пен әлеуметтік желілердің келуімен алға жылжыды. Азаматтық қоғам принциптері қалыптасып, альтернативті ойлау дами бастады.

1. Байқасаңыздар карантин кезінде көліктер тоқтап Алматының ауасы тазара бастады. Табиғаты әдемі қаланы өзіміз бұздық. Апортын отап, тауға өрмелеп қала ішінен тағы бір қала салдық. Алдағы уақытта Илон Маск сынды өнертапқыштардың электр қуатымен жүретін көліктері жаппай сатылымға шығып, конкуренция негізінде бағасы да қолжетімді болса мұнай дәурені де өтеді. Сол замандары Алматының экологиясы да дұрысталып, Алатаудың табиғатымен әсем Алматы жер жаннатына айналатын шығар.

2. Цифрлы Қазақстан да Илон Масктың әлемге интернет таратамын деген амбициясымен шешілетін болады. Қазақстанда интернет пен байланысы жоқ жер қалмаса ол да әлемдік дамудың арқасында толық шешілуі керек.

3. Тіпті біздің тәуелсіздік алуымыз да АҚШ пен батыс елдерінің КСРО мен қақтығысы, ұзақ жылдар бойы кеңес үкіметін тықсырып келген стратегиясы арқылы іске асты. Алдағы уақытта Ресей ыдырап, тынысымыз ашылып жатса ол да өркениетті елдердің саясатымен қазақтың бір проблемасының шешілгені болмақ.

Жалпы адамзат пен өркениеттің дамуы бүгінгі біз айтып жүрген елдегі талай проблеманы шешуге арқау болады. Қазақ емес әлемдік деңгейдегі Марк Цукерберг, Илон Маск, Стив Джобс секілді өнертапқыштардың еңбегі қазақтың талай проблемасын шешетін болады. Ұлы далаға ең көп еңбегі сіңген текті азаматтардың қатарында болары анық. Алдағы 50-60 жылда қазақтың өзекті проблемаларын әлемдік деңгейдегі өнертапқыш генийлер шешіп береді. Мойындамасақ та шындық солай болады. Сондықтан әр жұма сайын молдаларымыз бар, өзіміз бар осы генийлердің есімін дұғамызға қосып жүргеніміз абзал.

Бауыржан Серікбайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1221
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1115
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 852
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 998