Сенбі, 4 Мамыр 2024
2859 0 пікір 29 Сәуір, 2020 сағат 13:23

Көтерме сату орталықтарының құрылысына 237,5 млрд. жұмсалады

Қазақстанның барлық өңірлерінде көтерме-тарату орталықтарының желісін құру жоспарлануда. Олардың құны 237,5 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Үкіметтің селекторлық отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

«Жыл сайын ақпаннан мамырға дейін, өткен жылғы егін қоры таусылып, көршілес елдерден жаңа өнім келе басталғанда, біз бағаның жоғары құбылмалылығын байқаймыз. Бұл, өз кезегінде, инфляцияға теріс әсер етеді. Елімізде өндірілетін азық-түлікті дұрыс сақтап, өткізетін жүйені құру қажеттілігінің себебі өндірушілердің көп шығынға батуымен байланысты», - деді Б. Сұлтанов

Министрдің айтуынша, тауарларды жедел жүктеуге мүмкіндік беретін заманауи жүк түсіру (қазір оны «кросс-док» деп атайды) және температуралық қоймалардың жеткіліксіздігі бағаға тікелей әсерін тигізеді. Жұмыс істеп тұрған базарларда тауар ағымын бақылайтын ақпараттық жүйе жоқ.

Бұл ретте, өндірушілердің сөрелерге қол жеткізу тетігі бұрмаланған бағаға, әділетсіз сауда үстемесіне және белгілі кезеңдерде бағалардың негізсіз өсуіне негіз болады.

«Қалаларымызда карантин енгізілуіне байланысты туындаған дүрбелең осы мәселелерді көрсетті. Аталған проблемаларды жедел және жүйелі шешу үшін, көтерме-тарату орталықтарының бірыңғай кешенін құрайтын ұлттық тауар өткізу желісін құру ұсынылады. Бұл экожүйе өндіруші мен тұтынушыны жақындататын жекелеген экономикалық кластер құрап, сондай-ақ бірыңғай тетікті құрай отырып, республиканың сауда инфрақұрылымына қосылады», — деді Б. Сұлтанов

Сұлтановтың айтуынша, көтерме-тарату орталықтарының қызметі өнімді сақтау мен қайта өңдеуден бастап тарату мен өткізуге дейінгі мамандандырылған қызметтерді ұсынатын болады. Бұл инфрақұрылым өнімді жеткізудің негізгі бағыттары үшін тиімді көліктік-логистикалық арналарды құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ, Орталық Азия және Қытайға экспорттық-импорттық операциялар жүзеге асырылатын болады, бұл өткізу нарығын кеңейтеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, елдегі көкөніс қоймаларының тапшылығы 70% құрайды, ал кейбір аймақтарда бұл көрсеткіш 90% жетеді.

«Жалпы алғанда, 2022 жылға қарай қуаттылығы жылына 4,8 млн тонна көлемді құрайтын тетікті әзірлеп, ұсынып отырмыз. Бұл қуат тапшылығын толық жабады және алдағы уақытта экспорттық экспансияға жағдай жасайды. Біз әкімдіктермен алғашқы екі кезең үшін жер телімдерін бөлу мәселесін пысықтадық. Қалған 15 нысан бойынша қысқа мерзімде жұмыс жүргізілетін болады», —  деді  Бақыт Сұлтанов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1115
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1014
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 752
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 865