Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
5186 3 пікір 27 Сәуір, 2020 сағат 15:18

Түркия қазақстандықтарды өз ұшақтарымен тасымалдаудан бас тартты

Түркия қазақстандықтарды өз ұшақтарымен тасымалдаудан бас тартты. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Оның айтуынша, 24 сәуірде Turkish Airlines компаниясы Нұр Сұлтан мен Алматыдан 160-тан астам түрік азаматын еліне қайтарған.

"Біздің Анкарадағы елшілігіміз қазақстандықтарды Түркиядан аталған ұшақпен қайтып әкелу мәселесін түрік тарапымен алдын ала келіскен болатын. Алайда, олар  біздің отандастарымызды бұл ұшаққа отырғызудан бас тартты», - деді Айбек Смадияров.

Бұған дейін 40 қазақстандықтың Беларуссиядан эвакуацияланғаны хабарланған болатын.

Сонымен қатар, 400 қазақстандық студент 3 сәуірде Түркиядан оралды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1718
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1689
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1415
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1341