Сәрсенбі, 22 Мамыр 2024
4126 1 пікір 23 Сәуір, 2020 сағат 16:09

ДДҰ: Коронавирустың қаупі әлі алда

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус COVID-19 әлем бойынша алдағы уақытта да ұзақ уақыт тарайтынын, сондықтан әлем халқы абай болуы қажет екенін айтты.

"Батыс Еуропа елдерінде коронавирус инфекциясы тұрақталды, жұқтырғандар азайып жатыр. Ал бірақ Африка, Орталық және Оңтүстік Америка елдерінде, Шығыс Еуропада вирус әлі де өршіп тұр. Көп елде пандемия енді басталып жатыр. Ал кей елде вирус қайтадан тарай бастады. Қатеге жол бермеңіздер, бұл вирус бізде әлі ұзақ уақыт таралады", - деді ол кеше Женевада өткен брифингте.

ДДҰ басшысының айтуынша, коронавирустың жаңа толқынының қаупі бар.

"Бізге сеніңіздер. Ең жаманы әлі алда. Бұл трагедияның алдын алайық. Көбі мұның қандай вирус екенін әлі күнге дейін түсінбей жатыр", - деп келтіреді Гебрейесустің сөзін Politico басылымы.

Сондай-ақ, ол қазір болып жатқан пандемияны 1918 жылы 100 миллион адам қайтыс болған індетпен салыстырды.

"Бірақ қазір бізде технология бар, апаттың алдын ала аламыз, осы дағдарысқа төтеп бере аламыз", - деді ДДҰ басшысы.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2250
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2605
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2586
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1691