Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Біртуар 4761 1 пікір 13 Сәуір, 2020 сағат 12:27

Әлем таныған ғалым

1953 жылы одақтық, республикалық және облыстық газеттер Семей облысы Новопокровка ауданы Новопокровка ауылындағы тума талант Төкен Омаров жайында жарыса жазысты. Болашақ әлемдік маштабтағы ғалым мектеп қабырғасында іргелі ғылыми пәндер саналатын: математика, химия және физикадан айырықшы зеректік танытты.

Академик Төкен Омаров Семейдегі №1 Чернышевский атындағы орта мектепті алтын медальмен тәмәмдады. Жасөспірім өз біліміне сеніп, Кеңес империясының жүрегі Мәскеудегі М.Ломоносов атындағы университеттің механика-математика факультетіне кұжатын тапсырды. Сол кездегі қабылдау дәстүрі бойынша алтын медаль иегерлері өзара сынға түсіп, кім оқып, кім үйге қайтатыны білім таразысына түсетін еді. Жерлесіміз осы сынақтан маңдайы жарқырап мүдірмей өтті.

Тап сол жылы 1955 жылы Төкен аға түскен ЖОО өзінің 200 жылдығын (университет 1755 жылы I Петрдің қызы Патшайым Елизаветаның Жарлығымен құрылған болатын) қаңтар айында кең көлемде атап өтті. Студенттік өмір көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Осыдан 19 жыл бұрын, араға 50 жыл салып, ЖОО 250 жылдығына орай Төкеңді өз білім ошағына қадірлі қонақ ретінде шақырды. 2014 жылы ММУ (МГУ) өзінің 260 жылдығын атап өту мерейтойына қатысуға ал, өзінің 80 жасқа толған мерекелі мерейтой атап өтуге Алла жазбады. Жерлесіміздің ғылыми ғұмырнамасына кеңінен тоқталар болсақ, 1973 жылы ММУ жанындағы П.К.Штернберг атындағы мемлекеттік астрономиялық институтта физика-математика ғылымдарының докторы атағын табысты қорғап шықты. Одан 6 жыл бұрын, яғни 1967 жылы Төкең халықаралық астрономдар одағына (ХАО)  мүше болып сайланған еді. Бұл тек ғылым докторын ғана қабылдайтын одаққа ғылым кандидаты Төкен Биғалиұлының дәстүрлі ережені бұза отыра сайланғандығы көп нәрсені аңғартады. Осы сайланымда ол ХАО-ның аспани механика мен қозғалыс астрономиясының комиссиясына мүше болып енді. 1992 жылдан күні бүгінге дейін ЕАО (Еуропа астрономдары одағының) құрылтайшы мүшесі болып табылады. Баса айтатын бір жайт 1979 жылы болған ғалымның қос қуанышы: оның біріншісі - өз елінің Қазақстан ҒА корреспондент-мүшесі болып саналуы да, екіншісі - Польша ҒА Мерейтойлық медалін өңіріне тағуы еді. Біздің жерлесіміздің ғылыми шежіресі 1996 Киевте шыққан «Астрономдар» анықтамалығына еніп, оның қос бетін (236-237бб) алып жатқаны көңілді қуантады. Еліміз егемендік алған соң, Төкен Биғалиұлы ҚР ҒА толық мүшесі болып сайланып, академик құрметті атағын иеленді.

Осыдан 10 жыл бұрын 2000 жылы Қайыңдылық (Новопокорвкалық) ғылым АҚШ-тағы «NOVA SCIENСE RUBLICHER, LNC» ғылыми-баянгерлік кеңесінің мүшелігіне кабылдады. Жерлесіміз ұлт тарихында Нобель сыйлығына үміткер ұсына алатын бірінші қазақ  ретінде тарихта қалары сөзсіз. Шведтер өздерінің осы бір әлемдік сыйлығын беретін комиссия құрамына кім көрінгенді жолатпайды да, себебі ол ғалым бүкіл әлемге танымал болуға тиіс. Ал кеңестік кезеңде КСРО бойынша физика саласынан Нобель сыйлығына үміткер ұсынуға тек екі адамның ғана құқығы болды: оның бірі – Нобель сыйлығының лауреаты (1978) академик Петр Капица (1894-1984), екіншісі – біздің жерлесіміз Төкен Биғалиұлы еді. Олар кезінде ірі армян ғалымы астрофизик В. Амбарцумянды Нобельге ұсынған еді. 

Жерлесіміз ғылым жолын В. Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтутында 2013 жылға дейін жалғастырып келді. Оның ішінде 1973-1984 жж. аралығында осы ғылым ошағының директоры қызметін атқарды. Сол жылдары 2 докторлық, 8 кандидаттық диссертация қорғатып шығарды. Осы ғылым ордасында жүріп, астрофизика саласында 120 ғылыми еңбек жазды. 2002 жылы Төкеңнің жауапты редакторлығымен АҚШ-тағы Нью-Йоркте «Non Stationary Dinamikal Problems in Astronomy» кітабы басылып шықты. 2004 жылы БҰҰ жанындағы «SPACE WEEK» («Ғарыш апталығы») халықаралық Бірлестігінің директорлар Кеңесінің мүшесі болды. 

Ғалым 70-ке толғанда Семейдегі Байуақов мырза шығаратын орыс тілді «Спектр» газетінде қос бірдей зиялы азамат Қабдыл Ахметов пен Тоқтарбай Қазбалиновтар «Ученый с мировым именем» деген мақала жариялап, беделді ғалымды жұртқа танытқан  еді. 

Жерлесіміз өз ғылым ордасында зертхана меңгерушісі болып қызмет атқарды. Ақар-шақар үш ұлдың (Рүстем, Шыңғыс және Төлеген) әкесі 2013 жылдың 23 шілдесінде 79-ға қараған жасында дүниеден озды. 

2019 жылы Алматы қаласында ғалымының 85 жылдығына орайластырып, 21-28 сәуірі аралығында Төкен Омаров атындағы республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан оқушылардың ғылыми жарысы өтті. Бірақ қазақ асторфизика ғылыми мектебінің атасы Төкен Биғалиұлының 85 жылдық мерейтойын Семей қаласы мен ШҚО Бордулиха ауданы атаусыз қалдырғаны көңілді қынжылтады.

Әбіл-Серік Әліәкбар

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1496
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1349
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1096
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1137