Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2357 0 пікір 7 Қазан, 2011 сағат 10:23

Интернет-конференция: Еркебұлан Ілиясов (Басы)

1. «Жас маман» қоғамдық бірлестігі қашаннан бері жұмыс істеп келеді? Сіздермен тәжірибе алмасудың жолы қандай?
- «Жас маман» ҚБ биылғы жылдан бері жұмыс істеп келеді. Менімен мынадай e.1985@alageum.com электрондық адреспен хабарласа аласыз. Ұсыныс-пікірлеріңіз болса, осында жолдауларыңызға болады.

2. Жап-жас жігіт екенсіз. Үлкен іс бастағаныңыз көрініп тұр. Өзіңіз туралы, отбасыңыз жайлы айтып өтсеңіз. Қай жақтансыз? Қайда білім алдыңыз?
Ләззат Аршынбаева, Көкшетау қаласы
- Туған жерім - ОҚО, Түркістан қаласы. 1985 жылы тудым. Алматы энергетика және байланыс институтын бітірдім. Үйленгенмін. Ұлым бар. Әке-шешеммен бірге тұрамыз.

3. Сіз «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның вице-президенті екенсіз. Отызға толмай осындай үлкен қызметке қол жеткізудің қандай құпиясы бар? Айбек, Астана

1. «Жас маман» қоғамдық бірлестігі қашаннан бері жұмыс істеп келеді? Сіздермен тәжірибе алмасудың жолы қандай?
- «Жас маман» ҚБ биылғы жылдан бері жұмыс істеп келеді. Менімен мынадай e.1985@alageum.com электрондық адреспен хабарласа аласыз. Ұсыныс-пікірлеріңіз болса, осында жолдауларыңызға болады.

2. Жап-жас жігіт екенсіз. Үлкен іс бастағаныңыз көрініп тұр. Өзіңіз туралы, отбасыңыз жайлы айтып өтсеңіз. Қай жақтансыз? Қайда білім алдыңыз?
Ләззат Аршынбаева, Көкшетау қаласы
- Туған жерім - ОҚО, Түркістан қаласы. 1985 жылы тудым. Алматы энергетика және байланыс институтын бітірдім. Үйленгенмін. Ұлым бар. Әке-шешеммен бірге тұрамыз.

3. Сіз «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның вице-президенті екенсіз. Отызға толмай осындай үлкен қызметке қол жеткізудің қандай құпиясы бар? Айбек, Астана

- Ешқандай құпиясы жоқ. Тек қана жұмыс жасау керек. Өзім жұмысты 1 курста оқып жүргенде бастап кеттім. Жаз айларында барлық студенттер демалып жүргенде мен өндірісте жұмыс жасайтынмын. 5 жыл бойы оқудан тыс уақыттарда тұрақты түрде Кентау трансформатор зауытының Алматыдағы «Казтрансформатор» компаниясында жұмыс істедім. Оқуды бітірісімен Кентау трансформатор зауытына бірден элетромонтажник болып жұмысқа орналастым. Сәл кейінірек конструктор-техникалық бөліміне конструктор маманы болып жоғарыладым. Институтта қорғаған «35-110 кВ трансформаторларын жасау» диплом тақырыбын зауыт басшылығына ұсынып, 2008 жылы сол жобанын жетекшісі болдып тағайындалдым. 1 жыл көлемінде жоба бойынша 35-110 кВ трансформаторларын жасау цехынын құрылысын бітіріп, зауыттың 50 жылдығы қарсаңында іске қосып, ашылуын қаматамасыз еттік. Содан кейін 2010 жылы мені зауыт басшылығы «Алагеум электрик» басқару компаниясының вице-президенті етіп тағайындады. Сондықтан да мұнда ешқандай құпия жок. Тек қана алға мақсат қойып, сол мақсатка жету үшін ұмтылдым. Бүгінгі таңда «Алагеум электрик» компаниясында 3000-ға жуық адамдар жұмыс жасап жатыр.

4. Түріңізге қарасақ жап-жассыз, сіз басқаратын "Жас маман" қоғамдық бірлестігі қандай жұмыстар атқарды? Жастарға қандай көмек көрсете алды

- Мен зауытта жұмыс жасап жүргенде 1200 адамның 40 пайызы жастар болатын. Сол жастардың ішінен белсенділерін теріп алып, «Жас мамандар клубын» құрдым. Ең әуелі сол клубтың қаржыландыру мәселесін шештім. Зауыттың атынан ай сайын 100 000 теңге бөлініп отырды. Одан басқа зауыттың жастары отбасын құрса, 500 000 теңге, жоғарғы оқу орнын үздік немесе жақсы бітірсе, 200 000 теңгеге дейін алып отырды. Ағылшын тілін білген азаматтардың жалақысына 20 пайыз үстеме ақша төленді. Орталықтан немесе басқа қалалардан келген жастарға үй-пәтер беріліп, бастапқы жалақыларын 60 000 теңгеден жоғары қойып, осындай мәселелерді клубтың атынан шештік. Енді осындай клубтар тек қана бізде емес, еліміздегі барлық өндіріс саласындағы жастарды да қамтыса деген ниетпен «Жас маман» ҚБ құрып отырмыз. Бұл ҚБ-тің мақсаты жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, жұмыспен қамтамасыз етіп, еліміздің бизнесмендерінің жастарға деген көзқарасын өзгертіп, республикалық деңгейге көтеру.

5. http://www.namys.kz/?p=5919 Осы хатқа көзқарасың қалай?
- Қазақтың өзінін дәстүрлі исламы бар. Мен қасиетті Түркістанда туылғандықтан қазақы рухпен тәрбиеленгенмін. Сондықтан да біз қазақтын дәстүрлі исламын ұстауымыз керек. Әсіре діншілдікке мен қарсымын.


6. Мен де зауытта жұмыс істеймін. Кейде жұмысты қазақша жүргізу үшін терминдерді аудара алмай қиналамыз. Ереке, сіздер осы мәселені қалай шештіңіздер немесе қалай шешуге болады?
Сәлеммен Нұрлан Атыраудан
- Мен бұл сұраққа төменде жауап бердім

7. Қанша адамға жұмыс тауып беріп отырсыз?
- Сіздің сұрағыңызға жоғарыда жауап бердім

8. Пікірін: "Ақыл - жастан, асыл - тастан" деп бастаған мейманды қолдаймын. "Абай.кз" сайты ашылғанынан бері де өмірлік мәселелерді орынды толғаған көп әңгіме жасады. Интернет-конференциясынан да оқып-біліп жүрміз. Осы орайдағы ойым: сайтта нендей мәселе көтерілсін, кім сөз алсын, оған баршамыз жеке басымыздың емес, бәрімізге ортақ қоғамдық және халықтық мүдденің тұрғысынан қатысып, екі жаққа бірдей пайдалы түйін жасауымыз керек. Ал кейбір ағайындардың жеңіл-желпі қарап, авторға, тіпті оның отбасына кекесін, мұқату сөз айтуы болады. Өте ыңғайсыз жәйт. Мен бірде сайт басшыларына осыны айтып, сайттың беташарына: "Адамның ар-намысына тіл тигізген пікірлерді жарияламаймыз" деп жазып, солай істесеңдер екен" дедім. Олар жөн көрді, мүмкіндігінше ескеретін болды. Сайт әңгімесінің сыпайы болуына жетісетін шығар. Біз өзіміз сыпайылық жасаумен көмектесуіміз керек. Бұл сайттың небір келелі, күрделі тақырыптарды қамти үлкен жұмыс жүргізіп келе жатқаны, мысалы, мені қуантып жүр. Мұндай сезім сіздерде де бары сөзсіз деп білем, ендеше, басшыларына сәл-пәл реніш бола қалғанда беталды сөкпейік, тілдемейік, достық ескертумен шектелейік. Бізге бұл сайт мол қызмет істеп отырғанын ұмытпайық. Кейбір баспасөз тілшілері осы сайт туралы пікір сұрағанда әділ сөйлейік. Ал тілшілердің қайсыбірінде журналистика мәдениеті жетпей жатады. Сұхбат берушінің әдетте ол тілшінің ойында болуы үшін ғана айтатын, баспасөзіне берудің керегі жоқ пікірлері болады, соны айырмайды да, өзіне ғана айтқан сырыңды өзгелерге дабырайта жайып салатыны болады. Жалпы тілші-журналшы сұхбаттың бас-аяғын жиған соң оны сұхбат берушіге оқытып, келісімін алуы шарт. Осыны ескермейтіндер бар. Мына Еркебұлан да бізбен сұхбат жасамақ жақсы ниет білдірген екен, біз бұл жап-жас басшының жауаптарын түсіне қабылдалық, алдағы жұмысына жәрдем боларлық пікір қосалық. Ал менің сұрағым (тым ақылдымсып кеткенім үшін Еркебұланнан, баршаларыңнан кешірім сұраймын): Еркебұлан, біздегі бизнес қазақ тіліне көшуі керек, қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін көтеруге сонда мол көмек болады, дұрыс па? Бұл бағытта өз тарапыңнан не істедің? Сәлеммен, - Ғаббас Қабышұлы.

- Құрметті Ғаббас аға! Сіздің осы конференцияға ден қойып, ынта-ықылас танытқаныңыз үшін алғысымды айтамын. Сіз тәрізді аға буын өкілдерінің интернетке ден қоюы бізді қуантады. Сіздің ықыласыңызды көріп өзім де қуанып қалдым.
Мен өз тарапымнан басшылыққа ұсыныс енгізіп, олардан қолдау алып, компанияның барлық құрылымдық бөлімшелері бойынша іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуді бастадық. Өндірістің, ғылым мен техникаға байланысты іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің оңай еместігін біз жақсы түсінеміз. Бірақ мұны ерте ме, кеш пе бәрібір бастауымыз керек қой. Болашақта бұл салаларда қазақша-орысша сөздіктер көптеп шығарылады деп ойлаймын. Қазақ тілі қалай болғанда да мемлекеттік тіл ретіндегі өзінің мәртебесін толық деңгейде алуы керек.
Мен қазақ болғандықтан әрине қазақ тілін дамытуым керек. Қазақ тілі біріншіден, бизнес тілі болу керек. Екіншіден, ғылыми-техникалық дамуға сәйкес болу керек. Біздің «Жас маман» ҚБ осы бағытта жұмыс істейтін болады.

(Жалғасы бар)

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2019
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2437
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2020
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587