Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2026 0 пікір 6 Қазан, 2011 сағат 19:09

Қарағанды облысында 82 мыңнан аса адам тұмауға қарсы тегін егіледі

Қарағанды. 6 қазан. ҚазТАГ - Қарағанды облысында кепілдендірілген медициналық көмек бойынша 82 мыңнан аса адам тұмауға қарсы тегін егіледі, деп хабарлайды мемлекеттік санэпидемқадағалау комитетінің (МСЭҚК) облыстық департаменті.

«Биылғы жылы Францияда шығарылған «Ваксигрипп» вакцинасын сатып алуға жергілікті бюджеттен Т57 млн-ға жуық қаржы бөлінді. Бұл қаржыға вакцинаның былтырғымен салыстырғанда 2,5 есе көп үлесі сатып алынды. Тұмауға қарсы қауіп тобына жататын 82 мыңнан аса адамды кепілдендірілген медициналық көмек көлемінің аясында тегін егу жоспарланған», - деп хабарлады МСЭҚК облыстық департаментінің эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы Гүлжан Байтуғанова бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта 13 мыңнан аса адам тұмауға қарсы тегін егілді. «6 мыңнан аса медициналық қызметкер егілді, бұл егілетіндердің жалпы санының 28%. Балалар үйлері мен сәбилер үйлерінің 800 тәрбиеленушісі де тұмауға қарсы егілді», - деді Г. Байтуғанова.

Қауіп тобына созылмалы аурулары бар, иммунитеті нашар балалар мен ересектер, медициналық қызметкерлер, жүкті әйелдер жатады, деп хабарлады ведомство өкілі.

«Дүниежүзідік денсаулық сақтау ұйымының болжамына сәйкес, 2011-2012 жж. эпидмаусымында  Қазақстан аумағында А, В маусымдық тұмауы вирустарының және тұмау емес респираторлық вирустардың циркуляциясы болжанып отыр. ӨРВИ белең ала бастайтын маусым қазанда, тұмау желтоқсан-қаңтарда тарала бастайды», - деді Г. Байтуғанова.

Санитарлық дәрігерлердің мәліметтеріне сәйкес, қырқүйек айында облыстық медициналық мекемелеріне 6 мың адам ӨРВИ-ге шағымданып келген. «Бұл қалыпты норма. Облыста ҚРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлық. 9 айда ӨРВИ-ге шалдығудың 90 мың оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылғы көрсеткіш деңгейінде», - деді мемсанэпидемқызметтің өкілі.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2156
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1782
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1534