Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2319 0 пікір 6 Қазан, 2011 сағат 19:07

Астана прокуратурасы полицейлердің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен 28 азаматтың құқығын қорғап қалды

Астана. 6 қазан. ҚазТАГ - Астана прокуратурасы қылмыстық тергеу органдарының заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен 28 азаматтың құқықтарын қорғап қалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Елорда прокурорлары биылғы жылғы тексерулердің қорытындысы бойынша қылмыстық тергеу органдары заңсыз ұстап, осы органдардың қызметтік және басқа нысандарында заңсыз қамауда ұсталған 28 азаматтың құқықтарын қорғады», - делінген прокуратураның бейсенбі күні таратқан баспасөз мәлімдемесінде.

Қадағалаушы органның ақпаратына сәйкес, Ақмола облысы Целиноград АІІБ қылмыстық іздеу бөлімінің бастығы Смаділов ағалы-інілі Алтынбековтарды алдын ала қамау камерасына (КПЗ) заңсыз қамаған.Ағалы-інілер Астана аумағында ұрлық жасады деп күдіктелген және КПЗ-да ұзақ отырған.

Қалалық прокуратура Смаділовтың қызмет бабын асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК 346 бабы (заңсыз қамауға алу немесе қамауда ұстау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен Смаділов алты жылға бас бостандығынан айырылды, делінген ақпаратта.

Қалалық прокуратураның мәліметтеріне сәйкес, аталған заң бұзушылықтар үстіміздегі жылдың 8 айында анықталды.

0 пікір