Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2222 0 пікір 6 Қазан, 2011 сағат 19:05

Алматыдағы дүкеннің жанында жарақат алған 2 азаматтан тонаушылар Т1 млн алып кеткен

Алматы. 6 қараша. ҚазТАГ - Давид Ян. Сейсенбі күні Алматының Әуезов ауданын қалалық 7-ші клиникалық ауруханасына ауыр жарақатпен жеткізілген екі азамат бұзақылықтың емес, қарақшылық шабуылдың құрбаны болған, деп агенттікке Алматы ІІД-ден хабарлады.

«Бұл қылмысты алдымен бұзақылық деп таныған едік, себебі оқиғаның мән-жайы белгісіз болған», -деді қалалық ІІД тонаушылық және қарақшылық шабуыл қылмыстарын тергеу басқармасының бастығы Жанболат Зияддин бейсенбі күні.

Тергеушілер не болғанын зардап шегушілер есіне келген соң ғана біле алды.

«Олар (зардап шегушелір - ҚазТАГ) банкоматқа келіп, 1 млн теңге алған. Оған 15 минуттай уақыт кеткен. Осы уақыттың бәрінде оларды жол шетінде тұрған Lexus көлігінен белгісіз үш ер азамат бақылап тұрған», - дейді Ж. Зияддин, зардап шеккендердің айтуы бойынша.

Ыңғайлы сәтті пайдаланған қарақшылар тапаншамен және мылтықпен құрбандарды залалсыздандырып, ақшаны алып, жасырынып кеткен.

«Куәлар оқиға орнынан кеткен қара түсті көлікті сипаттап берген. Бірақ көліктің номерін ешкім де есінде сақтай алмаған. Бірақ бірнеше сағаттан кейін күдіктілерді - Шымкенттің жұмыссыз азаматтарын анықтап, ұстадық», - деді полиция департаментінің өкілі.

Ұсталғандар Алматыда ешқандай жұмыс істемейтіндіктерін айтып, әлгі адамдардың банкоматтан көп ақша алғанын көрген соң қылмысқа барғанын мойындаған.

ІІД-нің айтуынша, олардан тоналған ақша мен қылмыс қарулары алынған. Зардап шеккендер әлі ауруханада жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайы тұрақты дейді.

Бұрын хабарланғандай, Яссауи көшесіндегі Gogo дүкенінің алдында орын алған төбелестен соң, оған қатысқан 4-еудің 2-еуі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

«Достық» ықшам ауданының 24 жасар тұрғыны басынан оқ тиіп, басынан алған ашық жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 21 жасар оның серігі кеудесінен пышақтан жарақат алған», - деді құқық қорғау органдарынан.

0 пікір