Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2263 0 пікір 6 Қазан, 2011 сағат 18:59

Сот кеңқияқтық 4 лаңкесшіге қатысты үкім шығарды

Ақтөбе. 6 қазан. ҚазТАГ - Сот кеңқияқтық 4 лаңкесшіге қатысты үкім шығарды, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады.

«85-ші және 84-ші жылы туылған екеу өмір бойына сотталды: 233-ші бап, 2 және 4 тармағы; 96-шы бап, 2-ші тармағы; 24-ші бап, 3-ші тармағы; 251-ші бап, 3-ші тармағы. 87-ші жылғы сотталғанға 14 жыл берілді, ал 90-шы жылғы - 6 жылға сотталды. Соңғысы 251-ші бап, 2-ші тармағымен айыпталады. 84-ші жылғы сотталған алғашқы 5 жылын ерекше режимдегі колонияда өткізеді, 87-ші және 90-шы жылғылар жалпы тәртіптегі колонияда», - деп облыстық соттың баспасөз хатшысы Гүлнұр Симатова бейсенбі күні мәлім етті.

Еске салсақ, 30 маусымда Ақтөбе облысының Темір ауданында ҰҚТ мүшелері Темір АІІБ Кеңқияқ кентінің полиция бөлімшесінің (КПБ) патрульдық қызметінің сержанттары Нұрлан Алпысбай мен Айдос Боранбаевты өлтірген болатын. Патрульдік автокөлікке шабуыл Шұбаршы кентінің тұрғыны Ақылбек Мамытбековқа тиесілі Mitsubishi Delica автокөлігімен жасалған.

Еліміздің бірнеше аумағының полицейлері қылмыскерлерді іздестірді. Олардың болуы мүмкін орындарын ІІМ «Сұңқар» (ІІМ арнайы жасағы) «Беркут» (ішкі әскерлер арнайы жасағы) «Арлан» (облыстық ІІД арнайы жасақтары) арнайы жасақтарының күштерімен және СОБР-мен іздестірген.

8-ші шілдеде Кеңқияқ кентін аула бойынша тексеріп жүрген «Сұңқар» және «Беркут» арнайы жасақтарына Нефтянниктер көшесінің №2-ші үйінен оқ атыла бастады. Соның салдарынан оқиға орнында полиция майоры Айболат Иманбаев қаза болды, полиция сержанты Тұрарбек Ешпағанбетов жарақаттанды. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын эвакуациялаған полицейлер қылмыскерлерге берілуін талап етті. Оған олар оқпен жауап қайтарды. Атыс түнге дейін жалғасты. Лаңкесшілер тығылған үйге шабуыл таңға жақын басталып, түске таман аяқталды. Арнайы операция барысында қарулы қарсылық көрсеткен 9 адам өлтірілді. Олардың алтауына бұрын іздеу жарияланған болатын. Атыстан ішкі әскер жауынгері Сейтжан Қалжановқа бытыра тиді.   Кейін Кеңқияқ, Құмсай, Соркөл және Шұбаршы кенттерінде жүргізілген оперативтік-іздестіру шаралары барысында бірнеше тегіс ұңғылы мылтықтар алынды. Кеңқияқтық 4 лаңкесшілге қатысты сот процессі  Ақтөбе қаласында 27-ші қыркүйекте басталған.

0 пікір