Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
46 - сөз 3650 4 пікір 23 Наурыз, 2020 сағат 12:51

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі

Осы күндері маған жас кәсіпкерлерді әлеуметтік жауапкершілікке шақыруға көптеген өтініштер жасалуда. Яғни, кәсіпкерлер дәрігерлер мен халыққа көмек көрсетсе деген өтініштер. Осындай ұрандары бар роликтерге түсуге ұсыныс жасап жатыр.

Бұл туралы мен не айтқым келеді. Бұл дағдарыстың, әсіресе, карантиннің, ең ауыр соққысы шағын және орта бизнеске тура келді. Көптеген кәсіпорындар жабылуда, кәсіп иелері қызметкерлер санын қысқартуға, қалған қызметкерлерге айлығын немесе еріксіз еңбек демалысын төлеп беруге мәжбүр болып отыр. Қарыздарын кейінге шегеру бойынша банктермен келісіп, тауарды жеткізушілермен, дистрибьюторлармен келісу және өзге де әрекеттер жасауға мәжбүр. Сол арада теңге құнсызданып барады, өнімдердің өзіндік құны артуда, ал бағаны көтеруге билік рұқсат етпейді.

Қысқасы, қазір, шындыққа келгенде, кәсіпкерлер өз тіршілігін сақтап қалу қамымен қолдан келер амал-әрекеттің бәрін жасап жатыр. Мен қазір вотсап және телеграмм желілерінде бірнеше "Антикризисный штаб" чаттарында тіркелгем. Бұл чаттардан көріп отырғаным – кем дегенде 95% кәсіпкерлердің қазіргі халі мүшкіл. Бәрінде өз кәсіптері үшін қорқыныш пен үрей, көпшілігі қандай әрекет жасау керегін де білмей отыр.

Осындай жағдайда, кәсіпкерлерге әлеуметтік көмек көрсетуші, ақша таратушы «қаржы толған қап» секілді қарауды доғаруды сұраймын. Оларды жылдар бойы ел экономикасының бар нәрін сығып алып отырған шикізат олигархтарымен шатастырмаңыздар. Кәсіпкерлердің көпшілігі мұндай көмек көрсете алмайды және осы үшін олардың да қабырғасы қайысып отыр. Және де дәл қазір халықты азық-түлікпен және барлық керек-жарақпен қамтамасыз ету бойынша ең ауыр күш осы кәсіпкерлерге түсіп отырғанын ескеру керек.
Егер кәсіпкерлер өз кәсіпорындарын сақтап, жұмыс орындары қалпында қалса және олар осы күндері үзіліссіз жұмыс жасайтын болса, осының өзі біздің экономикамызды құтқару мен қауіпсіздігімізді сақтауда ең үлкен үлес болар еді.

Бәріміз тұтынушы екенімізді ұмытпайық, өнім өндіруші мемлекет емес, кәсіпкерлер. Олар да коронавируспен күресте дәрігерлермен қатар алдыңғы шепте. Олардан одан артық дүние талап етпеңіздер.

P.S. Мен бұл арада кәсіпкерлер деп өнім өндірмейтін, медициналық маскалар мен өзге де керекті заттарды үш есе бағамен қайта сататындарды айтып отырған жоқпын. Олар спекулянттар.

Марғұлан Сейсембайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1689
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1645
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1375
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1309